СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастырумен ү.ж 13 шілде күні сағат 10.00 де Шиелі аудандық әкімдігінің мәжіліс залында және Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасының мәжіліс залында «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!» тақырыбында семинар өткізілді.

Негізгі мақсаты: тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.
Шара барысында құқықбұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және тағыда басқа бірқатар мәселелер туралы түсіндіріліп ақпараттар берілді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекет әр салада жүзеге асырылуы туралы баяндама жасалынды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарға енсізілген өзгерістер туралы айтылды.

Шараға тренер ретінде Қазақстан Заңгерлер одағының мүшесі, «Әділет» құқықтық қызмет көрсету орталығының жетекшісі, Заң консультанты Дәулет Ізбасарұлы жүргізді.

Кездесу соңында жиналушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пікірлер айтылды.

Related posts