Алға басқан азаматтық қоғам

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ү.ж 19-24 шілде айларының аралығында «Алға басқан азаматтық қоғам» тақырыбы бойынша Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы, Жаңақорған аудандарында оқыту семинары өткізілді.

Оқыту барысында ҮЕҰ-дың мемлекеттік сатып алу порталымен жұмыс жасау, құжаттар дайындау, гранттарға құжат тапсыру және тағыда басқа тақырыптар турасында кеңінен түсіндірме жұмыстары жасалды. ҮЕҰ дерекқорына есеп тапсыру жыл сайын, есептік мерзімнен кейінгі әр жылдың 31 наурызына дейін жалғасатыны туралы кеңінен тоқталды. Шара барысында үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар туралы ақпарат және үкіметтік емес ұйымдарға арналған үкіметтік наградалар туралы ақпараттар айтылды. Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысқа, мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс жүргiзудiң нормативтi құқықтық шегіне, бюджеттiк мәлімдемені қалыптастыру тәртiбiне, конкурстық құжаттамаға, техникалық сипаттамаға және басқа да конкурстық құжаттарыдың толтырылуына ерекше назар аударып, кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар оқыту семинарына арнайы дайындалған таратпалар арқылы түсіндірілді. Шара барысында қатысушылар өздеріне қажетті сұрақтарына жауап алып, тренерге алғыс білдірді.
Оқыту семинары соңында тренер Айжан Айтмамбетова қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты.

Related posts