ШИЕЛІДЕ “ҚАМҚОРЛЫҚ-ШИЕЛІ” ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ!

Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің тапсырысы негізінде “Жалынды жастар” жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен “Қамқорлық-Шиелі” орталығы ашылды.

Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық-қазіргі таңдағы ең жойқын адам құқығы бұзылуының бірі. Зорлық- зомбылық әйелдердің қоғамдық өмірге араласуына кедергі келтіреді.Біз әйелдер мен қыздардың өз әлеуетін толықтай жүзеге асыруға, зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге және өз армандарын орындауға ресурстар мен мүмкіндіктерге ие болатын әлемге бірлесіп қол жеткіземіз! Сол мақсатта біз “Қамқорлық-Шиелі” дағдарыс орталығын аштық! Егер сізде қатігездік пен зорлық-зомбылық орын алса төмендегі номерлерге хабарласуыңызды сұраймыз!

Орталық жетекшісі-Аликулов Адил
Жауапты маман- Мадиярова Шырайлым-87751268787
Психолог-Зарина Жарылқасынқызы

Related posts