Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында №1 және №6 қалалық емханалардың мәжіліс залдарында сұхбат алаңы өткізілді

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы мен «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастырумен Қазақстан заңгерлер одағының мүшесі,  «Әділет» құқықтық қызмет көрсету орталығының жетекшісі, Заң консультанты Дәулет Избасарұлымен бірлесіп, №1 және №6 қалалық емханаларының мәжіліс залдарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбын түсіндіру мақсатында сұхбат алаңы өткізілді.

Негізгі мақсаты: мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықты алдын алу, нөлдік төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және талдау, әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің заңгері Аблаева Айда Бекболатовна мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен жалпы ұлттық негізде күресу екенін айта келе, облысымызда сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыру бойынша халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары, жастар арасында кездесулер, білікті заңгерлердің ұжымдармен сұхбаттар және басқада көптеген шаралар жүргізіліп жатқаны жөнінде атап өтті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені жөнінде түсіндерме беріп, атап айтқанда, қазіргі таңда  әрбір мемлекеттік органдар жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін үздіксіз жетілдіруге бағытталған үлгілік базалық бағыт жұмыс жасап жатқаны жөнінде ақпараттар берді.

Сонымен қатар, Қазақстан Заңгерлер одағының мүшесі,  «Әділет» құқықтық қызмет көрсету орталығының жетекшісі, Заң консультанты Дәулет Избасарұлы мекеме қызметкерлеріне құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықбұзушылық, қылмыстылық, және тағы да басқа бірқатар мәселелер туралы түсіндіріліп ақпараттар берді.

Кездесу соңында емхана қызметкерлері тарапынан жеке құқықтық мәселелері бойынша сауалдар қойылып, тиісті заңдылықтарға сәйкес түсіндірмелер берілді.

Related posts