Қармақшы аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Қармақшы ауданы бойынша дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы ақпараттық-түсіндірмелік іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 16 қыркүйек күні «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қоры мен Қармақшы ата мешітінің бірлесе отырып Қармақшы ауданында діни бірлестіктер филиалдарына келушілер арасында ұйымдастырылған кіші футболдан жарыс өткізілді.
Шараның ашылу барысын Қармақшы ата мешітінің бас имамы Тобжанов Өміржан сөз сөйлеп, қатысушыларды жарыстың мақсатымен таныстырып, оларға сәттілік тіледі. Шараға кент және елді-мекендерден 8 команда қатысып, футбол жарысынан сайысқа түсті. Жарыс қызықты әрі тартысты өтті, және жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Жарыстың үздік ойыншылары сайыс барысында доп алып жүру техникасы, нәтижелі пас беру, қақпаға допты тура бағыттау жағынан көзге түсе білді. Команда капитандары өз ойыншыларын алға сүйреп, жігерлендіре білді.


Жарыс төрешілері жеңімпаздарды анықтап, Қармақшы ата мешітінің бас имамы Тобжанов Өміржан қорытындылап қатысушыларды марапаттады.
Жарыс нәтижесі бойынша І орын иеленген “Төретам” командасына — 100 000 теңге, кубок және диплом, ІІ орын иеленген «Ақай» командасына — 70 000 теңге, кубок және диплом, ІІІ орын иеленген «1998 жыл»командасына — 50 000 теңге, кубок және диплом табысталып, спорттық шараға белсенділік танытқан 5 командаға 20 000 теңгеден қаржылай сыйлықтар мен алғыс хаттар берілді.