Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран» патриоттыққа тәрбиелеу бойынша әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ү.ж. 18 қыркүйек күні Әскери техникалық мектепте «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» тақырыбы бойынша жастар арасында мылтықты бөлшектеп бұзып, қайта жинау әскери сайысы өткізілді.
Спорттық сайыстың басты мақсаты: жасөспірім жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру-рухани тірегі бола отырып, қоғамның дамуына, азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына жастардың әскери іске қызығушылығын арттыруға негіздейтін маңызды бағыттардың бірі болып саналады.


Жас ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған, мәңгілік елдің іргесін қалау үшін әскери патриоттық тәрбие керек. Бүгінгі жастар білімді де куатты болуы маңызды. Әскери спорттық ойындардың қортындысына бойынша төрешілік еткен Ауған соғысының ардагері, «Ерлік» үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Баймаханов Қайраддин Әлібайұлы жеңімпаз жастарға дипломдар мен жүлделі сыйлықтар, алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары берілді.