Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастырумен ү.ж. 20 қыркүйек күні Сол жағалау 5а YEҰ-дың ресурстық орталығында жас отбасы және жастарға әр түрлі арнайы сала мамандарының қатысумен жастарға мемлекеттік қолдау бағдарламаларын кеңінен түсіндіру, жастар саясатына мүдделі тараптардың ортасын қалыптастыру мен жастарға қатысты өзекті мәселелерді зерделеу бағытында кеңес беру жұмыстары жүргізілді.
«Отбасы банк» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының маманы Найманова Аида Шүмекейқызы депозит ашу, пәтер сатып алу үшін ипотекалық кредит алу, «Отбасы банк» қаражатын пайдаланушыларға қандай да бір жеңілдіктер ұсыну жөніндегі маңызды сауалдар жолданып, жас отбасылрға мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй алу, депозитке қаржы жинақтау, ипатекаға үй алудың тиімді жолдары мен қарастырылған жеңілдіктер бойынша сәйкесінше толыққанды жауаптар алды. Сонымен қатар, бірқатар тұрғындарға мезетінде депозит ашылып көмек берілді.
Қызылорда қаласының Мансап орталығы мамандары халықтың кәсібін дамытуға арналған 400 МРП (1 380 000 теңге) көлеміндегі қайтарымсыз гранттар, жұмыспен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бағдарламалар, оның ішінде жастар практикасы, қоғамдық жұмыс, кәсіптік оқыту курстары бойынша жастарға бағыт-бағдар, кеңес берілді.


