Сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу бағыты

Сыбайлас жемқорлық  әлемнің  кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді. Осы аталған салада Заңның мақсаты — азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлықтардан туындайтын қауіп қатерден республиканың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.                    Жемқорлық — мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықтың ерекше белгісі — ол қылмыс субъектілерінің өз қызмет бабын, құқықтық мәртебесін және қызмет мүддесіне қайшы әрі құқық пен ар-ожданның қалыптасқан нормаларына қайшы орналасқан лауазымның беделін пайдалану жолымен істелінеді. Онымен күрес әрбір азамат үшін ортақ парыз. Аталмыш заңсыздықпен күресу әрбір мемлекеттік орган басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілген.

Қоғамның барлық саласына еніп бара жатқан, оған батыл тосқауыл қойып, зардаптарын жою және мүдделерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі. Осындай келеңсіз құбылыстармен үздіксіз күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың ғана емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы деп ұғынған жөн.

Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конститутциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір қасиетін құрметтеуге міндетті..

Соттағы биліктің беделін арттырып, оң бейнесін қалыптастыру бағытында өзге де құқық қорғау органдарымен және мемлекеттік мекемелерімен бірігіп жұмыс атқарылуда. Сот әділдігінің жүзеге асуына қатысты халықтың көкейтесті мәселелерінің шешімін табу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен тұрақты түрде дөңгелек үстелдер, семинарлар, мақалалар жазылып ұйымдастырылып келеді.

 Сондай-ақ «Төрелік» ақпараттық бағдарламасы бойынша автоматты түрде бөлінетіні, сот ғимаратына кіру қатаң түрде бекітілген ережеге сай жүргізілетіні, судьялар сот отырысынан тыс азаматтарды қабылдамайтыны, келген тұрғындардың арнайы тіркеліп, төрағаның белгіленген кестеге сәйкес қабылдауы аталмыш бағыттағы шаралардың көрінісі болып табылады.

Аталған Заңның 1-бабының 6-тармақшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.

Сыбайлас жемқорлықты тек пара алушыларды жою арқылы жеңуге болмайды. Ол үшін пара беруге ниетті жандардың да санасына саңылау түсіріп, жегі құрттың етек жаюына өзінің де ықпал етіп отырғанын жан-жақты түсіндірген маңызды.

 Құлқынның  қамын ойлағандардың теріс әрекеті кері әсерін тигізбеуі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесе, ымырасыз күрескеніміз дұрыс.

Сыбайлас жемқорлыққа бой алдырмау, түптеп келгенде, әркімнің ар-ожданы, ерік-жігеріне де байланысты екенін естен шығармаған жөн.

Б.Алтынбай
Қызылорда қаласының №2 сотының аға сот приставы

Related posts