Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ қалыптастыру әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 21 қыркүйек күні құқықбұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында Қазақстан Заңгерлер одағының мүшесі, «Әділет» құқықтық қызмет көрсету орталығының жетекшісі, Заң консультанты Дәулет Ізбасарұлы мен Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің жеткеші маманы Тажиков Ермек Каналбекұлының қатысуымен жастармен №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейінде, №127 Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп-лицейінде дөңгелек үстелдер және Шиелі аудандық индустриалды-аграрлық колледжінде кездесу өткізілді.
Шараның мақсаты: Аудан тұрғындары арасында құқықбұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыты бойынша түсіндіру.
Шара кезінде Дәулет Ізбасарұлы жастарға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, құқықбұзушылыққа, қылмыстылыққа бармау, болашақта жастарымыздың әділетті ұрпақ болуға бағыт-бағдар берді. Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған өзекті сауалдарға жауап беріліп, пікірлер айтылды.


