СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕКС – УАҚЫТ ТАЛАБЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ЖАСТАРМЕН СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ.

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы мен «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастырумен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесіп ү.ж. 06 қазан күні сағат 10.00-де Абай ауылдық округі, 12.00-де Қарауылтөбе ауылдық округінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрекс – уақыт талабы» тақырыбында ауыл тұрғындары мен жастармен семинар өткізілді.

Негізгі мақсаты: Ауыл тұрғындары мен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықты алдын алу, нөлдік төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және талдау, әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің заңгері Аблаева Айда Бекболатовна мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен жалпы ұлттық негізде күресу екенін айта келе, облысымызда сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыру бойынша халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары, жастар арасында кездесулер, білікті заңгерлердің ұжымдармен сұхбаттар және басқада көптеген шаралар жүргізіліп жатқаны жөнінде атап өтті. Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін жөнінде түсіндерме беріп, атап айтқанда, қазіргі таңда әрбір мемлекеттік органдар жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін үздіксіз жетілдіруге бағытталған үлгілік базалық бағыт жұмыс жасап жатқаны жөнінде ақпараттар берді.

Шара барысында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментің Превенция басқармасының бас маманы Қозбағарова Жанар Жалғасбайқызы семинар кезінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы мен заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы туралы баяндама жасап, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қорқыт ата Қызылорда университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс — офицері Жаппасбаев Әлібек Бақытжанұлы жастарға «Сыбайлас-жемқорлық» деген ұғымды түсіндіру, оның пайда болу жағдайлары, қоғам дамуына тигізетін кері әсерлері және олардың жолдарын кесу, біздің қоғамымызды қалыптастырып дамытатын жас жеткіншектеріміздің санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра алатын мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндірді.
Іс-шара соңында шара төңірегінде бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылар тарапынан қойылған өзекті сауалдарға жауап берілді.

Related posts