Ұлттық киім – ұлттың көркі

Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында “Асыл мұра-Орда” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ү.ж. 25 тамыз күні Тереңөзек кентінде “Ұлттық киім-ұлттың көркі” атты байқау өткізілді. Шараға Айдарлы, Жетікөл, Асқар, Іңкәрдария, Нағи Илиясов, Қоғалыкөл, Ақжарма елді-мекендерінен және Тереңөзек кент тұрғындары қатысып, өз дәрежесінде өнер көрсетті.

 Қазақ халқының ұлттық киімдері қол-өнердің озық үлгісі ретінде ғана емес, дала жағдайына ыңғайланған сан алуан әшекейлерімен, ою-өрнектерімен ерекшеленеді. Байқаудың негізгі мақсаты, салт-санамызға сай сан түрлі әсем, әрі келісті төл киім үлгілерін насихаттау. Ұлттық киімдерімізді дәріптеу мақсатында келген қатысушылар өздерінің ұлттық нақышта тігілген киімдерін таныстырып және өз өнерлерін көрсетті. Байқау соңында қазылар алқасының шешімі бойынша

1 орын — Жетікөл ауылынан келген Өтеуов Алмат, 2 – орын Ақжарма ауылынан келген Жанкуатова Вера, 3 орын — Нағи Илиясов ауылынан келген Тұранов Нұрбол жүлделі орын алып, бағалы сыйлықтар мен дипломдармен марапаталды және де басқа да қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттары табысталды

Related posts