Ауған соғысының ардагері Сырдария ауданының жастарымен кездесті

Ауған соғысының ардагері, «Ерлік» үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Баймаханов Қайраддин Әлібайұлы Сырдария ауданының жастарымен кездесті.

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран» патриоттыққа тәрбиелеу бойынша әлеуметтік жобасы аясында ерлігімен елге танылған алдыңғы буын ағалар мен жастардың кездесулерін ұйымдастыру мақсатында ү.ж 12 қазан күні сағат 11.00-де Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің мәжіліс залында Ауған соғысының ардагері, «Ерлік» үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Баймаханов Қайраддин Әлібайұлы жастармен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында жастарға отанды сүю, әскери борышын орындаудың маңыздылығын және еліне қызмет ету, жас ұрпақтың патриоттық рухын көтеру жөнінде сөз қозғады. Тәрбие тал бесіктен дегендей, жастарды бала кезінен патриоттыққа, отансүйгіштікке, нағыз ер азаматтың бойынан табылу керек қасиеттерге баулу керек екендігін және елімізді тұтастығы, татулығы, тыныштығы болашақ өскелең жас ұрпаққа байланысты екенін айта өтті.

Шара соңында жастардың көкейтесті сұрақтарына жауап беріп пікір алмасты.

Related posts