Ағымдағы жылдың осы мерзіміне дейін мекеме мамандарымен жазасын толық өтеп шыққан және пробация қызметінің есебінде тұратын 462 азаматқа құқықтық, психологиялық көмек көрсетілді, оның 433–і пробация қызметінің есебінде тұрса, 29-ы жазасын толық өтеген азаматтар. Жалпы жұмыспен қамтылғаны – 116 адам. Оның ішінде Enbek. Kz электронды биржасы арқылы -20 адам, 50-і квота бойынша , күміс жас -1, жастар практикасымен -1 адам, ақылы қоғамдық жұмыспен- 22 адам, әлеуметтік жұмысқа-3, қайтарымсыз грант 19 адам. Сонымен қатар құжаттарын рәсімдеу бойынша- 25 азаматқа көмек көрсетілді. Оның ішінде: 13 азаматқа жеке куәлік алуға12 азаматқа тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркеуге тұруға, Медицина анықтама ф №075 алуға – 5 тұлғаға.
Әлеуметтік қызметкер болғандықтан мемлекеттік мекемелерден босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұратын азаматтардың үй жағдайын тексеріп мұң мұқтаждарын ескере отырып отбасы жағдайы төмен азаматтарға көмек көрсетеміз. Жағдайы төмен 30 азаматқа азық-түліктей көмек көрсетілді.
Альсугурова Улданай
Әлеуметтік қызметкер