Мемлекеттік тіл болып бекітілген қазақ тілінің тереңдігі тұңғиық. Еліміздің тірегі, соғып тұрған жүрегі де осы тіл. Қадір қасиеті асақақталатын ана тілдің тағдыры расында әрбіріміздің қолымызда. Сондықтан Президент жариялаған жолдауларда қазақ тілі мәселесі күн тәртібінен түспейді. Осы орайда сот саласында тіл аясын кеңейту мақсатында түрлі шаралар өтіп, насихаттар жасалады. Себебі, қазақ тілі қазақ елінің болашағы, келер күні, жарқын шуағы.
Әрине, елімізде қазақ тілімен қатар сұранысқа орай орыс тілі мен өзге тілдерде қолданыста бола береді. Әсіресе, қалу бойынша орысша не қазақша іс жүргізу сот саласында жолға қойылған. Мәселен Заңымызда «Сот істі сот талқылауына дайындау сатысында талап қоюшының (арыз берушінің) талап арыз (арыз) берілген тілді жеткілікті дәрежеде білетіндігін, сот ісін жүргізудің мәні мен мағынасын түсінетіндігін анықтауға тиіс» деп көрсеткен. Бұл теңдік, еркіндік, әлділдіктің ақ байрағы емес пе. Себебі, тараптардың таңауы болмаса түсініспеушілік туындап қалуы мүмкін. Мұның барлығын жан-жақты зерделеген заңымыз одан әрі «Сот талап қоюшыдан (арыз берушіден) тиісті жазбаша өтініш хат түскен жағдайда сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді ұйғарым шығарады. Тараптардың тең құқықтылығы қағидатын ескере отырып, сот осы мәселе бойынша жауапкердің де пікірін анықтауға міндетті» дейді.
Қазақстан зайырлы мемлекет болғандықтан таңдау елде. Алайда, мемлекеттік және ұлтты құндылықтар да өз өзектілігін жоймақ емес. Соның бірі осы ана тіліміз. Қазақ тілі әлем бойынша шұрайлығы, байлығы бойынша есептегенде үшінші орында екен. Бұл деген мақтаныш, мәртебе емес пе? Әрбіріміз қазақ тілінің дамуына өз үлесімізді қосып, мінберін биіктетуге міндеттіміз. Ендеше сіз де өз үлесіңізді қосыңыз, қалыс қалмаңыз.
М.Жүсіпбекова
Қызылорда қаласының №2 сотының әкімшісі