Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімінің «Қала көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндірмелік шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 16,21,22 қараша күндері дінге қызығушылығы бар тұлғалар арасында азаматтарды кәсіптің белгілі бір түріне үйрету, мемлекеттік грант негізінде өз кәсіптерін бастаудың алғышарттарына үйрету мақсатында теолог, жеке кәсіпкер Кеңесбаев Қожахмет Дінмұхамедұлының қатысуымен «Табысты кәсіп» атты 3 күндік курсы өткізілді.
Қожахмет Дінмұхамедұлы лазерлік машинаның көмегімен ағаштан бұйым жасау арқылы өз кәсіптерін бастаудың жолдарын көрсетіп, бағыт-бағдар берді. Шара барысында қатысушылар қызығушылық танытып, белсене қатысты.
Курс соңында тренер жиналушылар тарапынан қызығушылық білдіріп қойған сауалдарына жауап беріп, шараны қорытындылап қатысушыларға сертификат табыстады.

