Сот отырысының хатшысы болу жауапты міндет

Сот отырысының хатшысы лауазымына жоғары заң білімі бар, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақтылы лауазымының тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар сондай ақ кеңсе басшысы мен кеңсе меңгерушісіне бағынады және оларға есеп береді.

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде өте маңызды рөл атқарады.

Сот отырысының хатшысы өзі хаттамалауды қамтамасыз етуі қажетті барлық уақытта сот отырысының залында болуға және сот отырысынан төрағалық етушінің рұқсатынсыз кетпеуге, хаттамада соттың әрекеттері мен шешімдерін, соттың отырысына қатысушы барлық адамдардың өтінішхаттарын, сенімхаттарын, қарсылық пікірлерін, түсініктемелерін сондай-ақ сот отырысының хаттамасында көрсетілуге жататын басқа да мән-жайларды толық және дұрыс жазуға, сот отырысының хаттамасын  белгіленген мерзімде дайындауға,  төрағалық етушінің заңды өкімдеріне бағынуға, жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметтерді жария етпеуге міндетті.

Сот отырысының хатшысы сот отырысы хаттамасының толықтығы мен дұрыстығы үшін жауап береді және сот отырысының хаттамасына анық емес не шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер енгізілген жағдайда заңда көзделген жауаптылықта болады.

Сот отырысының хатшысының жұмысы сырт көзге қарапайым әрі оңай көрінуі мүмкін. Алайда, сотта қаралатын кез келген істің өзіндік қиындықтары мен қатар істі өндіріске дайындау сатылары болады. Сот отырысы хатшысының жұмысы күрделі, көп салалы, сөйте тұра қызықты. Оның бірден көзге көріне қоймайтын бейнеті көп жұмысы хатшыдан тиянақтылықты, өз ісін беріле атқаруды талап етіледі.

Сонымен қатар, сот отырысының хатшысы жұмысы  іске қатысушы тараптарға соттың болатын күні мен уақытын тағайындап смс-хабарлама жіберу, процеске қатысушы тараптар онлайн немесе офлайн қатысуын нақтылап сұрап, іс   материалдарды сот отырысына қарауға дайындау, аудио-бейне тіркелуін қамтамасыз ететін, сот қаулыларының орындалуы, сот істерін заңнама талаптарын сәйкес рәсімдейді, құжаттарды мұрағаттайды және оларды сот мұрағатына тапсырады.     

А.Рахметбек
Қызылорда қаласының
әкімшілік құқық бұзушылықтар
жөніндегі мамандандырылыған
сотының бас мамансот отырысының хатшысы       

Related posts