ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА АКЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ

Облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж 26 қазан күні сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықбұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында Қызылорда «Болашақ» университеті, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі, Қызылорда медициналық жоғары колледжiнде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында жастармен акция өткізілді.

Акция барысында А5 форматта 100 дана ақпараттық стикерлерлер таратылды.

Related posts