Мобильді азаматтар базасына тіркелу тәртібі

Мобильді азаматтар базасы – бұл бір реттік құпия сөзді қолдану арқылы мемлекеттік қызметтер алу, қызметтерге қол қою немесе авторизациялау кезінде SMS парольдерін жіберу үшін қажет пайдаланушылардың ұялы телефондарының бірыңғай базасы.

Cонымен қатар, өз нөмірлерін МАБ-да тіркеу арқылы азаматтар проактивті және композиттік мемлекеттік қызметтерді ала алады.     Мобильді азаматтар базасының қатысушы болмасаңыз Сізде мемлекеттік қызметтер алуға мүмкіндік болмайды.

МАБ-на тіркелудің бірнеше тәсілі бар.

Халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімдерге  келіп оператор қызметіне жүгіну арқылы бар-жоғы бес минуттің ішінде мобильді азаматтар базасына тіркелуге болады.

Мобильді азаматтар базасында «egovmobil» порталы арқылы тіркелу үшін басты бетте «Жеке кабинетке» кіріп бейнеқоңырау  батырмасын басу қажет,  одан әрі Сіздің ұялы телефон нөміріңзге 1414 нөмірінен автоматты түрде тексеру SMS-коды келіп түседі. тексеру кодын теру арықылы Сіз оп-оңай  МАБ жүйесінің  пайдаланушысы бола аласыз «еGov mobile» мобильді қосымшасында жаңа пайдаланушыны тіркеу жеңілдетілді.

Биометриялық сәйкестендіруден өтіп, Сіз бірден мыналарды аласыз:

Азаматтардың мобильді жүйесінің қатысушысы болу оңай әрі өте тиімді.

Ресми құжатыңызды Қытайдан алып па едіңіз? Қытай Халық Республикасында берілген ресми құжаттарға апостиль қою тәртібіне өзгеріс енгізілді.

Азаматтарға арналған үкімет МК КЕ
АҚ  Қызылорда  облысы бойынша
филиалы Қызылорда қалалық №3 бөлім

Related posts