Қаскерлікті болдырмау

Табиғатты қорғау — қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.
Қазіргі кезде Жер шарында адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың бастапқы табиғи қалпы сақталған немесе антропогендік факторлардың ықпалы онша байқала коймаған экожүйелердің біраз бөлігін табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар антропогендік факторлар көбірек ықпал еткен аймақтармен салыстыру үшін қажет. Халықаралық қабылданған ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін алуы қажет.
Қорықтар – биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс. Қай заман болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен ешқашан да түскен емес. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ, биосфера компоненттерін қорғау жөніндегі үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі.
Табиғатты қорғау мәселесіне қазірде де зор көңіл бөлінуде. Еліміздің барлық ЕҚТА-да сиреп бара жатқан түрлерді ерекше қорғау және қаскерлікпен күресу үшін көптеп жұмыс жүргізіледі. Қаскерлік (браконьерства) – аң аулау, балық аулау ережесін және жануарлар әлемін қорғау туралы заңның талаптарын бұзып, жабайы жануарларды аулау немесе жою. Қаскерлікке тыйым салынған уақытта, тыйым салынған жерде немесе тыйым салынған тәсілмен рұқсатсыз аң аулау және балық аулау, аулауға толық тыйым салынған жануарларды аулау және ату, ату және аулау мөлшерін арттыру; жұмыртқаларды, қауырсындарды жинау, індерді, ұяларды, апандарды бұзу және т.б. жатады.
Біз жұмыр жер бетінде өзге де алуан түрлі тіршілік иелерімен қатар мекендеп, өмір сүріп жатырмыз.
Осы байлықтарды бағалау, оны дұрыс пайдалану және қорғау, ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдыру осы таңдағы табиғат қорғау саласында қызмет атқарып отырған мекемелер мен мамандардың басты мақсаты және оларға жүктелген ең жоғарғы жауапкершілік екендігін есімізден
шығармауымыз керек.

Б. Қуанышбаев
Барсакелмес мемлекеттік
табиғи қорығы

Related posts