Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде

Қазақ тілі – қазақ халқының  ұлттық игілігі болумен қатар, әлемдік тіл білімі зерттеушілерін қызықтырған көне тарихы бар кемел, тіл ретінде  танылуда. Тіл-ұлттың жаны, халықтығының  асыл белгісі, намысы тыныс тіршілігінің  көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің  үні.

Ана тілінің қадір-қасиетін  біле  білген халқымыз  оны  ұлттың рухына, қазына  байлығына  балайды. Тіл-халықтың  жаны, сәні, тұтастай  кескін – келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін-ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай  халықтық  қасиетті  мұрамыз,  ана тіліміз — қазақ тілі.

Мемлекеттік тілі-қазақ тілі деп  жарияланды. Тіл – ең асыл құндылық. Тіл- ең керемет қатынас құралы. Әлемдегі ең көп таралған тіл — ағылшын тілі. Себебі оның таралу және қолдану аймағы кең. Ал, ең сұлу тіл деп француз тілін атайды. Осы қатарға өзіміздің қазақ тілін де қосуға болады. Қазақ тілі – әлемдегі мағынасы көп, синонимдік тіркесі мол, сөйлеу стилі сұлу, ерекше тіл. Тек қолданатын халықтың саны аз демесеңіз, бұл тілдің құдіреті ерекше екені даусыз.

Тілге деген құрмет-халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың,елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын жарқыратуымыз керек. Тіл- қастерлі де,қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Ана тілін сүйген адам – туған жерін , елін, Отанын,атамекенін сүйеді деген сөз. Өмірдің алмастай қырын ,абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер-ана тілі.

Мемлекеттік тіл- әрбір елдің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және  іс қағаздарын жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру- Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

«Ұлттың сақталуына да», жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы- тіл. Тілдің мәселесі-ұлттың мәселесі. Тілді өркендету-баршаның ісі. Тіл-қарым-қатынас құралы емес, ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың ұлттық ұжымдық тәрбиесін жинақтаудың құралы және ұлтымыздың биік тұғыры. Бұл ретте біздің мемлекетіміздің  тілге деген жанашырлығы басым.

Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тілі мәртебесіне көтергенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз деген болатын. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді кұрметте» деп бекер айтылмаса керек. Ендеше асыл мұрамыздың біріне айналған мемлекеттік тілімізді қастерлей білейік.

Б.Налибаева
Жаңақорған  аудандық  сотының
сот әкімшісі

Related posts