Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн! Деп Мағжан ақын жырлағандай қазақ жастарына деген сенім мен үміт ешқашан аласармақ емес. Соның бір ғана дәлелі кеше ғана Катар елінің астанасы Доха қаласында болған олимпиада топ жарған біздің өрендер.
Иа, біздің өрендеріміз ағылшын тілі бойынша Катар, Индия, Болгария, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей елдерінен келген оқушылармен сайысқа түсті, тағы да шаң қаптырып кетті. Аталған олимппиаданың І туры өткен жылдың Эгипедтің Шарм Эль Шейх қаласында өткен болатын. Ол кездеде талайды қапы қалдырған болатын. Енді міне ІІ турында да шоқ жұлдыздай жарқырады.
Астана қаласының AMAkids және Ресейдегі Linguo Club орталықтарының ұйымдастыруымен өткізілген бұл бәсекеде Турцияның Анталия қаласында өтетін үшінші кезеңге жолдама тігілген болатын. Бұл жолдамалар қазір біздің қырандардың қолында.
Олимпиада шыңында жарқыраған Мұханбетия Нұрбинамыз жүлделі І орында алса, ІІ орынды Орақ Батырхан мен Қайырбек Інжу иемденді. Ал, ІІІ орын Мейрамбек Әбуислам мен Серік Мадинаға бұйырды.
Бұның барлығы Қызылорда қаласындағы Уәлихан Меруерт басшылық жасап отырған «Top Study» оқу орталығының оқушылары. Демек аталмыш орталық әлем елдерімен бәсекеге түсе алады, тіпті көптеген орталықтардан оқ бойы озық дей аламыз.
Бұл балалардың ғана емес, тұтастай елдің жеңісі, елдің жемісі. Сондықтан баршыңызды осы бір жетістікпен құттықтаймыз. Шығар биігіміз шың, жетер жетістігіміз көп болсын. Бала біздің болашағымыз. Болашағымыз жарқын бола берсін.
Құттықтаушылар: ата-аналар