СЫРДЫҢ БАС ШАҺАРЫНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығы мен «Асыл мұра – Орда» қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастыруымен Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Еркебай Ғалымжан Бақтығалиұлының аймағымыздағы азаматтық сектор өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Ғалымжан Бақтығалиұлы аймағымыздағы инфрақұрылымының дамуы, жол, ауызсу, аяқсу мәселелеріне тоқталып, алдағы уақытта жүзеге асыратын жоспарларымен таныстырды. Сонымен қатар, аймақтың бас шаһарының экономикалық-саяси, кәсіпкерлік, әлеуметтік салалары бойынша мәселелер талқыланып, қатысушылар өздерінің көкейлерінде жүрген маңызды сұрақтары мен ұсыныстарын жолдап, алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасауға келісті.

Related posts