Құнарлы ас қуат береді

Нәлібаева Мөлдір
ЖШСФ АҚ филиалы, Теміржол емханасының

жүкті әйелдерді қарау бөлімінің акушері

Құрсағына бала біткеннен бастап ерекше қамқорлыққа алатын бұрынғы аналар мен әжелер келінінің тамақтануы мен сақтануынан бөлек көңіл күйіне, астағы құмарлығына және астың құнарына ерекше көңіл бөлген. Себебі, баланың денсаулығы анасының ішкен жеген асына, қимыл-қозғалысы мен көңіл-күйіне тікелей қатысты. Сондықтан ас тәттісі мен жылы жұмсағын келініне кеукеулеп жегізетін болған. Бұның қазіргі медицина да нақтылап, дәлел дәйегімен келтіре отырып мәзірлеп қойды.

Мәселен жүкті ана күніне 2100 ккал қуат көзін қажет етсе, өз кезегінде, жүкті әйел 2500 ккал қуат көзін талап етеді. Бала емізетін бала болса 3000 ккал қуат көзіне қажет етеді. Сондықтан астың көлемі емес, оның құнарына назар салуымыз шарт. Айталық сүт өнімдері, ет, балық еті, жеміс-жидектер, көкөністер, майлы тағамдар, жұмыртқа мен бидай (арпа) өнімдерін күн сайын пайдалану керек. Өйткені бұл тағамдар қажетті майлар, көмірсулар мен ақуызды бере алады. Және бір ескертетін нәрсе бұрынғыдай үш мезгіл тойып тамақтанғанан көрі әлсін әлсін тамақтанып, әл қуат жинап отырған дұрыс.

Аяғы ауырлаған ана шамамен он пайызға дейін ағызды қажет ететіндіктен ет, балық, жұмыртқа, сүт өнімдері пайдаланғаны абзал. Сондай-ақ, бұршақ пен бұршақ өнімдері де ақуызға бай болатынын естен шығармаған жөн.
Жүкті әйелдің ағзасындағы майларға деген сұранысы 35%-ға артады. Майды сүт өнімдерінен, түрліше майлардан, маргариннен және жаңғақтардан таба аласыз. Сонымен қатар көмірсуларға деген сұраныс 55%-ға артатынын да ұмытпағанымыз жөн. Көмірсулар бидай өнімдерінде, нанда, макарондарда, картопта және күріште молынан болады.

Құнарлы асты тұтыну бала денсаулығы және ана өміріне өте маңызды. Алайда, астануды өзгерткен уақытта салмақ тастап не өзге өзгерістер болған уақытта дәрігермен дереу байланысу керек. Сонымен қатар астану тәртібін жасап, қай астың әсері қалай болатынына да назар аударып жүруі керек.

Жүктілік белгісі білінгеннен тамақ тәртібін жасап ғана қоймай, жат қылықтар да арылуға міндетті. Мәселен бүгінгі жастар фасфут өнімдері мен түрлі сусындарды еш талғамастан іше береді. Бұл бала енсаулығының қалыптасуына кері әсерін тигізбек. Ал, ішімдік, шылым деген мүлде болмайды.

Жас ана, болашақ баланың өмірі мен тағдыры сіздің қолыңызда екенін ұмытпауыңыз керек. Сіздің тамақтануыңыз, қимыл әрекетіңіз бен көңіл күйіңіз бала үшін маңызды. Олай болса дұрыс тамақтанып, өз өзіңізді күтіңіз. Бір адамға өмір сыйлау бақыты шаттықпен ғана жалғасуға міндетті.

Related posts