Жастарды жат әдеттен сақтау міндет

Ғасыр тажалы нашақорлық. Тіпті бұл барлық тажалдың бастауы десек те болатындай. Өйткені осы бір жағымсыз әдеттің салдарынан түрлі аурулар да пайда болады. Мәселен ғасыр тажалы аталған спиттің өзі осы нашақорлықтың салдарынан туындамай ма? Есірткіге есіріп алған азғындар не түрлі жаман әдеттер жасап, ақыр аяғы әлемге қауіп төндіретін ауруларды таратты. Екіншіден көптеген қылмыстар осы нашақорлық пен уытқұмарлықтың салдарынан туындап жатыр. Сондықтан: «Нашақорлық — қоғам дерті ғасыр індеттерінің бірі нашақорлық бұдан былай да адамзат тұрған жерде жойылмақ емес деген шешімге келген, шетелдік ғалымдар мұны өркениетпен бірге жүретін қара құрт» деп отыр. Ал, тыңғыш президентіміз Н. Назарбаев болса «Салауатты өмірге кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекет — ол нашақорлық» деп баға берген елі кезінде.

 Жалпы Нашақорлық — наркомания ( грек тілінен narke — мелшию және mania — ессіздік, құтырыну) — есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. Нашақорлықтың салдарынан тек қана ішкі дүние мүшелері зақымданып қоймайды, сонымен қатар: жүрек, жүрек тамырлары, жүйке, асқорыту, эндокриндік жүйелер де зақымдалады. Нашақорлық жұқпасы ауру іспетті, бірақ онымен көбінесе өз еркімен ауырады. Нашақор адам 1 жылда кем дегенде 5 адамды осы әрекетке тартып, ауруын жұқтырады. Бүгінде Қазақстанда ресми дерек бойынша, есірткі тұтынушы ретінде тіркелген 48 000 адам есепте тұр. Алайда, ресми емес дерек көздері бойынша олардың саны 350 000-нан астам. Сондай-ақ есірткіге тәуелділердің 27%-ін 12-16 жастағылар құраса, 42%-інен астамы 17-26 жас арасындағылар, яғни, жастар.

Нашақорлық-адамзатқа тәңір тарапынан  берілген ең ауыр жаза деп ойлаймын. Өйткені ол нашақорлық-өзін-өзі өлтірудің ең баяу тәсілі, өз бойында өмірді, ерікті, ақылды, қабілетті саналы, ерікті түрде бұзу. Бұл жөнінде алғаш болып «есірткі» деген анықтаманы сезгiштiктi жоғалтуға алып келетін заттарды сипаттау үшін грек емшісі Гиппократ қолданған. Есірткі, анаша – ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол — оңай алдырар жау емес екен. Есірткі – бір басын кессең, екінші басы шыға келетін жеті басты жалмауыз сияқты.

 Бұл кеселге ес жиып, етек жапқан үлкендер жағы бара қоймас, бірақ неге болса да еліктеп тұратын жастар елітіп кетуі әбден мүмкін. Қай халықтың болмасы өсіп-өркендеуі, ақыл-ойы мен санасының, әдебиеті мен мәдениетінің, өнері мен білімінің – қысқасы, бүкіл рухани жан дүниесінің дамуы, жалпы адамзаттық өркениетке ұмтылысы – сол халықтың өмірін жалғастырушы жастар. Замана ағымын, өмірдің алуан түрлі құбылыстарын көкірек көзімен ғана көріп, санаға салғанда ғана түсінуге болады. Жат әдеттен аулақ болып, болашақтың бастау болар жастарымызды нашақорлықтан әбден сақтауымыз керек. Сондықтан қазақы болмысты насихаттап, салауатты өмірге бейімдеп бос уақыттарын қалдырмауымыз керек. Әсіресе ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттап, бойларына дарытуға тиіспін.

 Әрбір жас мынаны біліп жүруге тиісті. Қазіргі таңда аса ірі көлемде есірткі контробандасы үшін 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; оқу орындарында және кәмелетке толмағандардың есірткіні сатқаны үшін 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; ұйымдасқан кәмелетке толмағандарды екі немесе одан да көп адамдарды, сондай-ақ күш көрсетумен есірткіні пайдалануға тартқаны үшін 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға, есірткіні пайдалануға тартып, соның негізінде адам өліміне әкеліп соққаны үшін 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша іске асырылады.

 Жат әдеттен Заң жүзінде ғана сескену емес, адами болмыста тыйылу керек. Өйткені нашақорлық адам болмысынан айырады. Сондықтан жастар жат әдеттен аулақ болып, жақсылыққа қарай бет алуымыз керек. Жарқын болашақты бірге қалыптастыруға атсалысайық.

К.ЕСПЕНБЕТОВА,
Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы

Related posts