Алтынбай Қойшыбайұлы: Электронды үкімет сізге тәулік бойы қызмет көрсетеді

Қоғамда ақпараттық технология мен инновациялық өзгерістер жасауда үлкен роль атқаратын «Азаматтарға арналған үкімет» халыққа қызмет көрсету бойынша орталықтарының алатын орны зор!
Халыққа қызмет көрсету бойынша орталықтар- өзгерістер мен толықтырулар, жаңашыл жаңалықтар алаңы! Мемлекеттік қызметтер азаматтарға қолжетімді әрі оңтайлы болуы үшін жүргізілетін үздіксіз ізденістердің нәтижесінде қызмет көрсету тәртібіне тұрақты түрде жаңалықтар мен өзгерістер енгізіліп отырады.
Соңғы кездегі жаңалықтармен жақынырақ танысып, оқырмандарға нақты ақпарат ұсыну үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету орталығы бойынша Қызылорда қалалық №3 бөлімінің басшысы Алтынбай Қойшыбайұлы Мимановпен сұхбаттастым.

-Алтынбай Қойшыбайұлы, маған бөлген уақытыңыз үшін рахмет! Уақытпен санаса жұмыс жасайтын біздің қоғамда әрбір минуттың қымбат екенін білемін. Дей тұрғанмен, азаматтарға қызмет ұсыну барысында қандай жаңалықтар орын алып, өзегрістер болуда, осы жөнінде нақтырақ мағлұмат берсеңіз деп едім…

-Алтынбай Қойшыбайұлы: Сізге де рахмет сұхбат алуға уақыт бөлгеніңіз үшін! Себебі бұқара халыққа жаңалықтарды уақытылы жеткізіп отыру біздің міндетіміз. Ал, енді ағымдағы жылы орын алған жаңалықтарға тоқталар болсақ, азаматтарға қызмет көрсету барысында жаңалықсыз күн болуы мүмкін емес, себебі, әлгінде өзіңіз айтқандай, уақыт тым тапшы қоғамымызда азаматтардың уақытын барынша үнемдеуде ұдайы, үздіксіз, тіпті тынымсыз іс-қимылдар атқарылуда. Мемлекеттік қызметтер реестріне сәйкес 1327 қызметтің 1249-ы Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілсе, соның ішінде 1198 қызмет «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетіледі, бұл дегеніміз, мемлекеттік қызметтің жалпы айтқанда 95% корпорация арқылы көрсетіліп, оның 90 қ –ы электронды үкімет порталы арқылы, яғни, альтернативті тұрғыды жүргізіледі деген сөз. Бұл әрине, керемет жетістік! Яғни, мемлекеттік қызметтің 90% азаматтарға онлайн тұрғыда алуға мүмкіндік бар деген сөз!

-Ия, керемет жаңалық шынымен! Демек, өзіңіз айтқан мемлекеттік қызметтің 90%-н азаматтарға өз бетінше алуға болады ғой сонда, ол үшін корпорация тарапынан қандай мүмкіндіктер жасалынған?

Әрине, болады. Корпорация тарапынан жасалынған мүмкіндік аса зор деп ауыз толтырып айта аламын. Ең алдымен тәулік бойы қолжетімді электронды үкімет порталы жұмыс жасап тұр, кез келген уақытта өтініш бере алады. Мемлекеттік қызметке өтініш беру барысында қиындық туындар болса халыққа қызмет көрсету бойынша орталықтарындағы «өзіне-өзі қызмет көрсету» секторында арнайы мамандарға келіп кеңес, сондай-ақ көмек алуға да болды.

-Алтынбай Қойшыбайұлы, Сіз жақында жаңа қызметке ауыстыңыз, жаңа қызметіңізбен құттықтаймын! Алайда, халыққа қызмет көрсету бойынша №3 қалалық бөлімінде 2024 жылдың 1-тоқсанын толықтай аяқтап кеттіңіз. Осы уақыт ішінде биылғы жылға алға қойған мақсаттарыңызды қаншалықты орындап үлгердіңіз, қандай нәтижеге қол жетті, бөлісе отырсаңыз?

-Рахмет! Өте орынды сұрақ! Халыққа қызмет ету міндетіміз болған соң қай орында отырсақ та азаматтарға ұсынылатын қызмет сапасын жетілдіру мақсатымыз. Осы бағытта әлі де тынбай бірге жұмыс атқаратын боламыз.
Ал, атқарылған жұмыстарға келетін болсақ, №3 бөліммен есептік мерзімде, 2024 жылдың 1 тоқсанында 8526 құжт қабылданып, 10 166 /2023 жылы қабылданған құжатты қоса алғанда/құжат өтініш иесіне табысталған. Ал, электронды үкімет порталы арқылы 25 110 азамат өтініш беріп, 30 000-ға жуық азамат кеңес алуға жүгінген. Электронды үкімет порталы арқылы 1 077 593 теңге көлемінде төлем жасалған. Бұл мәліметке қарар болсақ азаматтардың цифрлық сауаттану барысында қарышты қадамдар жасағанын байқауға болады. Жоғарыда атап өткеніміздей азаматтардың уақытын барынша үнемдеу бағытында атқарылған іс-қимылдарға сәйкес қазіргі уақытта арнайы жылдамдық секторы ашылды, бүгінгі күні жылдамдық секторы арқылы қызмет алушылар саны артып келеді, бұл әрине, қуантады. Қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін бөлімен жылдамдық секторы арқылы 368 өтініш өткен.

-Өте жақсы! Бұрын мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік алымға төлем жасау үшін казпошта немесе банк бөлімшесіне жүгіну қажет болатын, бұл ретте әрине реніштер туындайтыны анық, қазіргі таңдағы төлем жасау тәртібіне тоқталып өтсеңіз?өте дұрыс айттыңыз, төлем жасау барысында нақты әрі тиімді қадамдар жасалды, бүгінгі күні төлем жасау үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, төлемді мемлекеттік қызметке өтініш беру барысында QR-код арқылы жүргізуге толық мүмкіндік бар, қосымша айта кетсем, 2024 жылдың алғашқы 3 айында QR –код арқылы 1 622 978 теңге көлемінде төлем жүргізілген. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта бүгінгі күннен де жетілдірілетін болады.

-Тағы да уақытқа келіп саямыз ғой, қазір жалпы адамдар жұмысбасты емес пе, уақыт тым тапшы, осы бағытта азаматтарға мемлекеттік қызмет алуда уақытты тиімдірек пайдалануға қандай кеңес берер едіңіз?

-Міне, нағыз қойылуы тиіс сұрақ!!! Бұл ретте мақтанып айтарлықтай жұмыстар баршылық. Бүгінгі күні, әрі-бері жүруге уақыт жоқ дейтін азаматтар үшін «жеке менеджр» қызметін ұсына аламыз, ал, тым асығыс болған жағдайда 2023 жылдан «жасыл дәліз» жобасы іске қосылды. Бұл қызметтер, әрине, ақылы тұрғыда жүргізіледі. Аталған жоба бойынша жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарыың нәтижесінде тұтынушылар толық құлақтандырылған, мәселен, есептік мерзімде , осы 3 айдың ішінде «жасыл дәліз» арқылы 15 құжат рәсімделіп, 277 000 теңге көлемінде төлем жүргізілген. Ал, «дербес менеджр» қызметіне 50 азамат өтініш білдіріп, осыған сәйкес 1 467 250 теңге жасалған.

-Ал, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мемлекеттік қызмет алу үшін қайда жүгіну қажет?

-Орынды сұрақ. Барлық азаматтар тең құқылы. Мемлекеттік қызметтер де осыған сәйкес барлық азаматтарға тең дәрежеде көрсетіледі. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін мемлекеттік қызмет олардың тұрғылықты мекен-жайларына барып көрсетіледі. Ол үшін 1414-байланыс орталығына хабарласып өтініш қалдыру қажет. 2024 жылдың 3 айында мүмкіндігі шектеулі азаматтардан 38 өтініш түсіп, оның 29 орындалып, өтініш иесінің үйіне бара отырып табысталған.

-Ия, уақытын бағалайтын жандар үшін құнды ақпарат десе болғандай екен. Тағы да қандай жақсы жаңалықтарыңыз бар Алтынбай Қойшыбайұлы?

-Нақты биылға айтар болсам, ең жақсы жаңалық, биылдан бастап балаларға арналған төлқұжат рәсімдеуге мүмкіндік туды, құны 14 768 теңгені құрайды, ал құжаттандыру саласы бойынша жылдам қызмет алу құны биылдан бастап едәуір төмендеді, бұл бұқара халық үшін қуанышты хабар деп білемін. Айта кетсем, осы аралықта бөліммен 2280 жеке куәлік пен 1117 төлқұжат рәсімделген.

-Сұхбатыңыз үшін көп рахмет Алтынбай Қойшыбайұлы, Сізге алдағы уақытта жетістіктер мен жеңістер тілей отырып, жақсы жаңалықтармен жиірек бөлісіп отыруды тілеймін.

-Оқасы жоқ, алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасай отырып, үлкен жетістіктерге жетеміз деген сенімдемін!

Азаматтарға арналған үкімет МК КЕ АҚ
Қызылорда облысы бойынша филиалы
Қызылорда қалалық №3 бөлім

Related posts