Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ұлттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында бірлікті, әлеуметтік оптимизм мен болашаққа деген сенімділікті нығайту» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 26 сәуір күні «Қазақ тарихындағы жошы рөлі» (Сыр өңірінің тарихы негізінде) атты ғылыми-танымдық конференциясы өтті.
2024 жылғы 15 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Атырау қаласында Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысы өткізілді.
Ұлттық құрылтай — ұлт болашағына қатысты маңызды ұсыным қабылдайтын бірегей алаңға айналды. Мемлекет басшысы рухани дамудың бағыттарын белгілеп, қоғамдағы өткір мәселелерге тоқталып, озық ұлт болуды меңзейтін бірқатар идеологиялық ойларымен бөлісті.
Президентіміздің бастамасы қоғамда үлкен қолдау тапты. Президентіміз ұлт болып қалыптасу тарихымыздың тереңнен бастау алатынының дәлелі ретінде Жошы Ұлысының құрылғанына биыл 800 жыл толуына орай бірнеше тарихи деректерге тоқталып өтті.



Қең байтақ жерімізде өмір сүрген тарихи тұлғаларды жас ұрпаққа дәріптеу баршамыздың ортақ міндетіміз. Тарихи оқиғалар негізінде өскелең ұрпақ бойына — елге, жерге, отанға деген сүйіспеншілігін дарытып өсуі тиіс.
Конференцияға зиялы қауым өкілдері, Облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топ және ақсақалдар кеңесінің мүшелері, қаладағы орта мектептердің «Тарих» пәнінің мұғалімдері, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушы ғалымдары, магистранттары, студенттері, БАҚ және ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Конференцияның модераторы Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы кіріспе сөз сөйледі. Конференция аясында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Тарих және археология» білім беру бағдарламаларының қауымдастырылған профессоры м.а., т.ғ.д. Сәтбай Тастанбек Яхьяұлы «Ресей мемлекетінің Ордалық дәстүрлері», Нұр-Мүбәрақ университетінің дінтану кафедрасының доценті, PhD Абылов Тұңғыш Талғатұлы «Алтын Ордада дін және саясат арақатынасы», «Қоғамдықкелісім» КММ директорының орынбасары, философия докторы, PhD Омаров Дәулет Кәрібайұлы «Жошы ұлысының қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен дамуындағы тарихи орны», Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Тарих және археология» білім беру бағдарламаларының аға оқытушысы, п.ғ.м. Абдразақова Алмагүл Өмірзаққызы «Ресей ғалымдарының еңбектеріндегі Алтын Орда» , Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Тарих және археология» білім беру бағдарламаларының аға оқытушысы, г.ғ.м. Құрманиязов Ыслам Серікұлы «Ортағасырлық Қыш қала (Баршынкент) Жошы ұлысының Ордасы» тақырыптарында баяндама жасады.
Конференция соңында қатысушылар ұсыныс-пікірлерін айтып, еліміздің даму жолындағы қарқынды жұмыстардың жалғасын табатындығымен қорытындыланды.