Облыстық дін істері басқармасының «Облысқа республикалық ақпараттық түсіндірме топ мүшелерін немесе теолог, дінтанушы және басқа да діни салаға қажетті мамандарды шақыру, іс-шаралар өткізу» әлеуметтік жобасы аясында «Нұр-Мүбарак» университетінің Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры, теология ғылымдарының Phd докторанты, РАТТ мүшесі Сәкен Салтан Сайранұлының қатысуымен Достық үйінде «Радикалданудың факторлары мен дерадикалдандырудың әдістері» тақырыбында облыстық АТТ мүшелерімен, Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі тәрбиеленушілерімен, қызметкерлерімен «Радикализмнің қоғамға әсері» тақырыбында семинарлар, Жастар ресурстық орталығында «Деструктивті ағымдарды белгілерінен тану» тақырыбында NEET санатындағы жастармен, Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі жоғары сынып оқушыларымен «Жастардың санасына жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру» тақырыбында, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №37 мекемесінде тәуекел топ мүшелерімен кездесулер, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде қаланың дін қызметкерлерімен «Радикалданудың факторлары мен дерадикалдандырудың әдістері. Ислам құқығындағы зайырлылық қағидаттары. Әлемдегі діни ахуалдың елімізге әсері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Шаралар барысында Салтан Сайранұлы әлеуметтік желінің дінге ықпалы, діни радикализм және оның қоғамға әсері, радикалданудың факторлары туралы ақпарттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қатысушылар тарапынан қойылған өзекті сауалдарына жауап беріп, ұсыныс пікірлер айтылды.


