Келелі кездесу өтті

Қызылорда қалалық қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік қызметі аясында «Нұр-Мүбарак» университетінің Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры, теология ғылымдарының Phd докторанты, РАТТ мүшесі Сәкен Салтан Сайранұлының қатысуымен «Qosyl» Қызылорда қалалық жастар орталығында жастармен, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің мәжіліс залында студенттермен, И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда агротехникалық жоғары колледжінің мәжіліс залында студенттермен «Деструктивті ағымдарды белгілерінен тану» тақырыбында, Тасбөгет кенті С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде «Әлеуметтік желі және радикализм» тақырыбында тұрғындарымен кездесулер өткізілді. Одан бөлек «Құддыс Ишан», «Мүсірәлі», «Айтбай» мешіттерінің жамағатымен кездесулер өтті.

Шаралар барысында Салтан Сайранұлы әлеуметтік желінің дінге ықпалы, діни радикализм және оның қоғамға әсері, радикалданудың факторлары туралы ақпарттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қатысушылар тарапынан қойылған сауалдаына жауап беріп, ұсыныс пікірлер айтылды.

Related posts