Есірткісіз өмір ғажайып

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға

«Жақсы жетектесе тартына көрме
Жаман жетектесе артынан ерме»
Нақыл сөз

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты-
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін , -деп ақиық ақын Мағжан Жұмабаев атамыз өз заманында қазақ жастарына  үлкен сенім артқан болатын.

Мен Қаражан Нұркәрім №264 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысымын. Жасым 16 таяп қалды.

Мағжан атамыздың сенімінен шыға алып жүрмін бе деп ойлап қоямын, жан-жағыма қараймын. Әр алуан жастарды көремін, бірі спорттан ел намысын қорғап көк байрағымызды биікке көтерсе, бірі білім кемесіне мініп ел асып оқу оқып,елге оралып отанға пайдасын тигізіп жатыр, бірі ел ішінде жүріп-ақ кәсібін ашып, адамдарды жұмыспен қамтып, байып жатыр. Әйтеуір таңнан кешке дейін адал еңбек етіп,ерінбей  тіршілік жасап жатқан адамдардың жаман болмайтынын, үлкен жетістіктерге жетіп, ата-анасына,отбасына, еліне сүйкімді,қамқор  адам болатынын ,алғысқа бөленіп,сыйлы болатынын  біліп  келемін,Мағжан атамыздың сенімі ақталып жатыр ау деп қуанамын.

Алайда , жастарды өзіне тартып, құрдымға батырып жатқан есірткі деген нәрсенің бар екенін де естіп жүрмін. Оның салдарынан адам баласына жақсылық келмейтінін түсінемін. Мен есірткіден бойымды аулақ ұстауға тиістімін.

Біріншіден, есірткі өте қауіпті, оны бір рет тарту арқылы оған өмір бойы тәуелді болуың мүмкін, және денсаулығыңа өте ауыр зақым келеді,сонымен қатар, адам баласы өсіп келе жатқанда жақсы мен жаманды азырата алмай немесе жаман екенін біле тұра байқап көргісі келіп қателікке ұрынып қалу мүмкін екені белгілі.

Екіншіден, есірткі тартқан адам ақыл-есінен айырылып, өз-өзін басқара алмайды, отбасылық түрлі жанжал,ұрыс-керістер, қатігездік, ұрлық –қарлық,тіпті кісі өлімі сияқты қорқынышты жағдайлар болып жатқаны белгілі. Осылайша, қаншама жазықсыз адамдар зардап шегеді, ата-аналар қайғырады, отбасылар бұзылып,шаңырақтар шайқалады.

Үшіншіден, «Өсек,өтірік,мақтаншақ,
Еріншек бекер мал шашпақ,
Бес дұшпанды білсеңіз»,- деп халқымыздың ұлы ақыны Абай атамыз өсиет етіп кеткендей, бүгінгі күнгі есірткі,нашақорлық сияқты жаман қасиеттерді осы бес дұшпанға санар едім. Себебі есірткіге ерген  адам  азып-тозып, ауруға шалдығып, еңбекке жарамсыз болып, елге, қоғамға пайдасыз болып, құрдымға кетеді. «Ат тұяғын тай басар, ата жолы жалғасар», демекші , ата бабаларымыздың жолын жалғап, халқымызды қорғап,  Сұлтанмахмут Торайғыров атамыздың сөзімен айтсақ, халқымыздың  төбесіне күн болып шығатын жалынды  жастар,біздер бұндай нас,дұшпан қылықтардан аулақ болуға міндеттіміз.

Сөзімді  аяқтай келе, Есірткісіз өмір ғажайып, «жақсы жетектесе тартынбай,жаман жетектесе артынан ермей» , Абай атамыз айтқандай,  талап,еңбек ,терең ой мен қанағат рақым  сияқты асыл қасиеттерді бойымызға сіңіріп, бір ғалымды,дананы, еңбекшіні көрсек ұқсап бағып, ақыл — парасат иесі болып Жаңа Қазақстанның адал, жалынды жастары болайық дегім келеді.

Нұркәрім ҚАРАЖАН,
№ 264 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы

#есірткігеқарсыбайқауы

Related posts