«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. Дәл осы акция аясында Қызылорда облысының 16 Өрт сөндіру бөлімдері мен бекеттері дәл бүгін осы акцияны қолдап, көшет отырғызуда.
Ағаш егу — игілікті іс. Бұл табиғат — анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласты оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындырады. Көгалдандыру адамзаттың денсаулығы мен жан-жақты эстетикалық, мәдени және экологиялық дамуы үшін қолайлы орта құрудың маңызды және таптырмас бөлігі болып табылады. Осы аптаға дейін апта сайын өтіп жатқан іс-шара аты айтып тұрғандай туған жерімізді таза ұстау мақсатындағы бастама.