Н.Камал
Жаңақорған аудандық сотының
жетекші маманы
Елбасының тапсырмасы бойынша көлікті мас күйде басқарған құқық бұзушылардың жауапкершілік мәселелерін қатаңдату шаралары қабылданды. 27 желтоқсан 2019 жылы мемлекет басшысы заңға қол қойды, бұл заң мас күйде көлік басқару және басқада қауіпті құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтті. Жол жүрісі ережесінде көлік құралын масаң күйде (алькогольдік, есірткілік және т.б.) басқару тыйым салынған.Бұл құқық бұзушылыққа әкімшілік және қылмыстық жауапталық көзделген.
Жауапкершілік күшейді дегенмен, тұрғындар бұл нормаларды немқұрайлықпен қабылдаған секілді.Олай дейтініміз көлік құралын мас күйде басқаратын адамдар саны толастамай тұр. Ішімдік ішіп алып, заң бұзатындарға, оның ішінде көлік айдайтындарға қатаң жаза қарастырылған.Қу араққа тойып алып, көлік айдаған жүргізушілердің кінәсінен жол апатынан қаза тауып жатырғандар жанға батады, кейбіреулерінің денсаулығына зақым келіп жатырғандар көптеп кездеседі. Заң қатал болғанымен, әлі де көлік жүргізу құқықнан айырылсада да көлік айдап, апатқа себеп боп жатқандар аз емес.
Осы аталған Заң қабылданғанға дейін елімізде масаң күйде көлік құралын басқарса, ол 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айыралатын.Егер, оның әрекеттері жол апатына әкелген жағдайда ол мерзім төрт жылды құрайтын.Сонымен қатар, жол апатынан адамдар мен басқа көлік құралдары зақым алса бұл көлікқұралын басқару құқығынан айыру мерзімі бес жылдықұраған болатын. Мас жүргізушілердің әрекетінен жол-көлік оқиғалары орын алып, салдарынан автокөлік жолдарының басқа қатысушыларының және мас жүргізушінің өзінің өмірі мен денсаулығына зиян келтіріледі. Жүргізушілердің алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны үшін жауаптылықты қатаңдататын заң 2020 жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енді.
Алькогольдік масаң күйде көлік басқаруға құмар құқық бұзушыларға Қылмыстық Кодексте «Алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» деген атаумен бөлек 345-1 бабы қарастырылған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бұйрығымен осындай заң шықса да, әлі де осыған мойынсынға қоймаған азаматтарымыз баршылық. Жүргізушінің мас күйде көлік басқарғаны үшін жаасын қатаңдатуы азаматтардың қауіпсіздігін, тұрғындардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету үшін жасалғанын дұрыс түсінуіміз керек, себебі бұл әрекеттердің артында адам өмірімі мен тағдыры тұрғанын ұмытпаған жөн деп санаймын.