Шиелідегі кездесу

Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 12-14 мамыр күндері аралығында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті исламтану кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторанты Стамбакиев Нұржан Жақсылықұлының қатысуымен түрлі контингентпен іс-шаралар өткізілді. Соның ішінде Шиелі аудандың орталық мешітінде «Дінді дұрыс түсінудің маңыздылығы» тақырыбында жамағатпен, Шиелі ауданына қарасты Төңкеріс, Нартай, Сұлутөбе, Майлытоғай, Тартоғай ауылдық округтерінде «Діни тұрақтылық-қоғам бірлігінің кепілі» тақырыбында, Шиелі аудандық орталық мешітінде дін қызметкерлерімен «Исламдағы бидғат түсінігіне қатысты пікірталастар» тақырыбында кездесулер өткізілді.

Related posts