Қалалық қоғамдық даму бөлімінің қолдауымен «Азаматтық қоғам институттарының бастамаларын қолдау және қоғамдық-саяси маңызы бар шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл-Мұра Орда» қоғамдық қоры және «Жас журналистер одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 13 шілде күні Сол жағалау, Жастар ресурстық орталығында «BasТimeQuiz» зияткерлік сайысы өткізілді.
«BasTime» ойыны – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтетін логикалық, зияткерлік және стратегиялық ойын. Ойын ережесіне сәйкес сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру арқылы ең көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді. Интелектуалды сайысқа келген командалар 7 кезең бойынша бақ сынады.
Нәтижесінде Қызылжарма ауылының «Dream Team» командасы 3-орынды қанағат тұтса, Қараөзек ауылының «Жастар» командасына 2-орын бұйырды, ал Қарауылтөбе ауылынан келген «Spange bob» командасы 1-орынды иеленді.
Ойын соңында жеңімпаз командалар марапатталып, қаржылай сыйлар табысталды.
Шара соңында естелік суретке түсіп, алғыстарын білдірді.

