Қалалық емханаларда қоғамдық қабылдау өтті

Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында жұмыс жоспарға сәйкес ү.ж. 12 шілде күні құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты, заңгер Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызының қатысуымен «Жемқорлық-қоғам дерті» тақырыбында Қызылорда қаласының №6 қалалық емханасы және №1 қалалық емханасында қоғамдық қабылдаулар өткізілді.

Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар заңгер Ляззат Майлыьайқызына өздеріне қажетті сауалдарын қойып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қызметкерлерге пара ұсынылған жағдайда жасалуы тиіс іс-әрекеттер қадамы, әкімшілік жауапкершілік пен айыппұлдар көлемі туралы ақпараттар алды.

Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықпен күресте, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке сенімін нығайту бүгінгі таңдағы басты міндет.

Related posts