Әскери қызметкерлермен кездесу өтті

Облыстық дін істері басқармасының «Облысқа республикалық ақпараттық түсіндірме топ мүшелерін немесе теолог, дінтанушы және басқа да діни салаға қажетті мамандарды шақыру, іс-шаралар өткізу» қызметі бойынша өткізілетін мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 05-08 тамыз күндері аралығында Дінтанушы Шоманов Болат Шаймолдаұлының қатысуымен Сырдария, Жалағаш аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің әскери қызметкерлерімен «Бүгінгі қазақстандық қоғам және мемлекеттілік» тақырыбында кездесулер, Сырдария, Жалағаш аудандық полиция бөлімінің құқық қорғау қызметкерлерімен «Қоғамдағы радикалданудың негізгі себептері» тақырыбында дөңгелек үстел және семинар, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің әскери қызметкерлерімен кездесу, «Қызылорда су жүйесі» мекемесі қызметкерлерімен «Рухани-адамгершілік тәрбие қоғамдағы діни тұрақтылығының кепілі ретінде» тақырыбында кездесулер өткізілді.

Болат Шаймолдаұлы шара барысында қоғамдағы радикалданудың негізгі себептері, діни экстремизм және терроризм профилактикасының өзекті мәселелері және оның қоғамға әсері туралы ақпарттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиын соңында қатысушылар көкейіндегі сұрақтарына жауап берді.

Related posts