«Онлайн» алаяқтарына арбалып қалмау

        Э.Серикбаева
Жаңақорған аудандық сотының сот отырысының хатшысы

        Cоңғы уақытта интернет желісін пайдалана отырып жасалатын алаяқтық құқық бұзушылық фактілері көбеюде.

       Әңгіменің  ашығын айтар болсам, бүгінгі күні елімізде етек алып, кең таралған қылмыстың бірі –алаяқтық.

      Ендігі сөз кезегін бүгінгі таңда кең таралып жатқан  алаяқтықтың өте қауіптісі интернет арқылы  жасалатын алаяқтық.

       Жасыратыны жоқ, ғаламтордағы әккілер әсіресе әлеуметтік желілерді ұтымды пайдаланып отыр.Әсіресе алаяқтар әлеуметтік желілерге жалған                                                      интернет  хабарландырулар орналастырады немесе  аккаунт пен арнайы бет ашып сайт жасап алады.

       Бүгінде ең жиі кездесіп жүрген интернет  арқылы  сауда жасау және қызмет көрсету, сондай ақ өздерін  банк  қызметкері ретінде  таныстырып, жеке деректерді иемдену және бөтен біреудің атынан онлайн –несие рәсімдеу  арқылы  жасалатын  қылмыстар  болып  табылады.

      Компютер, смартфон, планшеті бар кез келген адамның, кез келген уақытта ақпараттық жүйенің, соның ішінде интернет алаяқтарының құрбанына айналарын ескеруіміз қажет.Мұндай қылмыстарды тексеру аса қиынға соқтырады.

      Өткені олар тек біздің елемізде ғана емес, басқа  елдерден шыққан алаяқтықтар екендігін  анықталып жатады.

      Ақпараттық жүйені тиімді пайдаланып, алдау, арбау арқылы  қалталы болудың  ең көп  барған жері сауда-саттық саласы. Әсіресе сұранысқа ие Instagram, Facebook, WhatsApp әлеуметтік желілері арқылы мұндай қылмыстар жиі-жиі жасалып жатады.

        Алаяқ құрбандарының атынан онлайын-несие рәсімдеп, жәбірленушілер ешқандай  дәлелдемелер ұсына алмаған соң несиені өздерінің төлеулеріне мәжбүр болады.

         Банктің қызметкері ретінде өзін таныстырып, азаматтың шотында сақтаулы тұрған еңбекақысын, не депазитте тұрған қаражатын алдап алу мақсатында телефон арқылы әртүрлі тәсілдермен соның ішінде құрбандарына шоттың кодтың сандарын айтқызып, ақшаны өздеріне аударып  алатын алаяқтар жиі кездеседі.

      Алаяқтар кез келген адамның банктік шоттарына оп-оңай  кіріп, әр түрлі оператциялар жасау арқылы азаматтардың шоттарындағы қаражаттарын шешіп алып жататыныда белең алып барады.

        Белгісіз, яғни әлдекім арқылы танысқан адамның  сөзі мен іс-әрекеттеріне сенбеуге, дербес деректерді бермеуге кодтарды және кұпия сөздерді ешкімге айтпауға, хабарламауға тиіспіз.

       Сондай-ақ белгісіз, әрі тексерілмеген  сайттар арқылы алдын ала  төлем жүргізуге, кімәнді мәмілелер  бойынша  ақша аударымдарын  жүзеге  асырмауға, ұялы телефон мен компьютерге белгісіз қосымшаларды орнатпауға, кез-келген сілтеме бойынша өтпеуге, спам  хабарламаларға да сенбеуге тиіспіз.

Related posts