Азаматтық қоғамның дамуындағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі

Қалалық қоғамдық даму бөлімінің «Азаматтық қоғам институттарының бастамаларын қолдау және қоғамдық-саяси маңызы бар шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 02 тамыз күнi сағат 10.00-де «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығында «Азаматтық қоғамның дамуындағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі» тақырыбында танымдьқ шара өткізілді.
Шараны «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның жобаларды басқару департаментінің бас менеджері – Айтмамбетова Айжан жүргізді.
Шара барысында халықтың қалың жігі арасында қоғамдық мониторингке азаматтардың қатысуын кеңейтуге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысу, жастарды, әйелдерді қолдау адам құқықтарын қорғау, жастарды патриоттық тәрбиеге баулу, салауатты өмір салтын насихаттауды жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстары жетілдіру туралы, сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдар қоғам мүддесі үшін, Елбасының саясатын жергілікті жерде жүзеге асыруда билік өкілдері мен халық арасындағы алтын көпір ретінде өз жұмысын нәтижелі ұйымдастыру, бастысы – бірлік пен ынтымақта халық мүддесі үшін, сындарлы саясатты жүзеге асыруда көшбасшы болу, халықтың ой-өрісін, танымын арттырып, сапалы өмір сүруіне жасалатын жағдайдың оң болуына ықпал ету туралы айтылды.

Related posts