Қызылорда қалалық қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік қызметі аясында ағымдағы жылдың 06-08 тамыз күндері аралығында Дінтанушы Шоманов Болат Шаймолдаұлының қатысуымен іс-шаралар өткізілді. Соның ішінде Қызылорда қалалық «Нұр» мешітінде дін қызметкерлерімен семинар, Qosyl жастар ресурстық орталығында жастармен, «Қызылорда автобус паркі», «Қызылорда тазалығы» мекемелерінде қызметкерлерімен «Рухани-адамгершілік тәрбие қоғамдағы діни тұрақтылығының кепілі ретінде» тақырыбында, Қызылжарма ауылдық округі мәдениет үйінде «Бүгінгі қазақстандық қоғам және мемлекеттілік» тақырыбында тұрғындарымен кездесулер және қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің құқық қорғау қызметкерлерімен «Діни экстремизм және терроризм профилактикасының өзекті мәселелері» тақырыбында, «Қызылорда жылу электр орталығы» мекемесі қызметкерлерімен «Қоғамдағы радикалданудың негізгі себептері» тақырыбында семинарлар өткізілді.
Болат Шаймолдаұлы шара барысында қоғамдағы радикалданудың негізгі себептері, діни экстремизм және терроризм профилактикасының өзекті мәселелері және оның қоғамға әсері туралы ақпарттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиын соңында қатысушылар көкейіндегі сұрақтарына жауап берді.


