М.Жакупова
Қызылорда қаласының №2 сотының
бас маман сот отырысының хатшысы
Гендерлік теңдік Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Мемлекет басшысы саясатының өзекті қырларының бірі.
Гендерлік теңдік әр адамның жынысына қарамастан бірдей ресурстарға, мүмкіндіктер мен бостандықтарға қол жеткізуін қамтамасыз етуді білдіреді. Осылайша, білім беруге, жұмыспен қамтуға, денсаулық сақтауға, әлеуметтік, саяси және экономикалық қызметке қатысуға тең қолжетімділік қамтамасыз етілуі тиіс.
Гендерлік теңдік сонымен қатар жыныстық кемсітушілік пен теңсездікке ықпал ететін әлеуметтік нормалар.Тұтастай алғанда, гендерлік теңдік әділетті, өркендеген және тұрақты қоғамға ықпал етеді.
Ежелгі заманнан бері қазақтар қыздар мен әйелдерге құрметпен қарайды, бұған әдеби шығармалар, тарихи очерктер мен халық фольклоры дәлел бола алады.
Қазақстандағы гендерлiк саясаттың мiндеттерiне әйелдер мен ерлердiң билiк құрылымдарында теңдестiрiлген қатысуына қол жеткiзу, экономикалық тәуелсiздiктiң барлық тең мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету, өз бизнесiн дамыту және қызмет бабында iлгерiлеу, отбасында құқықтар мен мiндеттердi тең жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасау, жыныстық белгiсi бойынша зорлықтан еркiн болу жатқызылады.
Гендерлік теңдік адамның маңызды құқықтарының бірі, тұрақты даму негізінде ада әлеуетін толық іске асыруда бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету ісінде басты рөл атқарады.Әйелдердің қоғам өміріне тарту өнімділіктің өсуін және экономикалық өсуді қамтамасыз ететіні дәлелденген.
Өкінішке орай, адамзат ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктері тұрғысынан толық теңдігіне қол жеткізу үшін ұзақ жолдан өту керек.
Қарапайым сөзбен гендерлік теңдік – бұл барлық әйелдер мен ерлер, қыздар мен ұлдар құқықтарының теңдігі.
Гендерлік теңдік үшін күрестің тамыры өте тереңде жатыр. 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамадасы бойынша жер-жерде түрлі шаралар мен жұмыстар жүргізілуде. Сондай–ақ тұжырымдамада көтерілген мәселелерді шешуге қатысты түрлі ұйымдар мен институттар жұмыс істеуд