Жастар ресурстық орталығында семинар өтті

Ағымдағы жылдың 27 тамыз күні Сол жағалау, Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында облыстық қоғамдық даму басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында үкіметтік емес ұйымдармен тәжірибе алмасу мақсатында семинар өткізілді.
Семинарды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының эксперті, “Ақтөбе облысының азаматтық орталығы” заңды тұлғалар бірлестігінің Президенті, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық кеңес мүшесі — Мажит Әлішер Мажитұлы жүргізді.
Әлішер Мажитұлы Үкіметтік емес ұйымдарды құрудың жолдары, мақсаттарына қол жеткізу, мемлекеттік әлеуметтік жобалардың бағыттары, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудағы қағидалары мен заңдылықтарын, құжаттар дайындау ережелері және балдық пен пайыздық жүйелер бойынша бағалану ерекшеліктерін түсіндіріп, өзге өңірлердегі үкіметтік емес ұйымдардың тәжірибелерімен бөлісті. Шараға қатысушылар өздерінің сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Related posts