Арбау

 Бала күніміде дәуіттің кеміргіштерді, жыланның торғайды арбағанын естіп, көріп жүретінбіз. Сөйтсек олардан да жаманы алаяқтардың адамды арбағаны екені ғой. Жылан торғайды арбап жесе де оның адал асы деп отыратын үлкендер. Ал, адамдардың адамдарды арбауы, алдауы, сеніміне кіріп сан соқтырып кетуі адал емес. Алдаумен тапқан мал арам дейді мұндайда қазақ. Ал, сол алаяқтықты заң жүзінде бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену деп бағалаймыз.

 Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес алаяқтық бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген мүлікті тәркілеу, өмір бойы құқығынан немесе белгілі бір қызмет түрімен айналысуына шектеу  қояды. Өйткені бұл сенімді қорлау. Алдаудың мазмұнын:

1 – жеке тұлғаға қатысты алдау (олардың болуы, жеке басы, жеке тұлғаның ерекше қасиеттері);

2 – әртүрлі объектілерге қатысты алдау (олардың бар болуы, тегі, мөлшері, сапасы, бағасы);

3 – түрлі әрекеттерге оқиғаларға байланысты алдау;

4 – ниетті алдау (жалған сөз) деп бөлуге болады. Жалпы алаяқтықтың тек мүлікке ғана емес, сондай-ақ меншік құқығына да қатысты болуы мүмкін. Мәселен, мүлікті, оның ішінде ақшаны алу құқығын беретін құжаттар, олар белгілі бір құндылықты тасымалдаушыларға меншікке тең болған жағдайларда алаяқтықтан көрінуі мүмкін.

2023 жылдың қаңтар айында алаяқтықпен 10 іс 10 адамға қатысты қылмыстық істері қаралып аяқталған.

-Сот қаулысымен тоқтатылғаны 2 іс 2 адам;

— Алаяқтықпен сотталғандары – 8 адам, оның ішінде әйел адам -6-у;

-Жаза тағайындалуы: бас бостандығын шектеу жазасы- 4 адам,

Бас бостандығынан айыруға – 2 адам; қылмыстық жауаптылықтан босатылғаны – 2 адам;

Бұрын сотты болғандары – 4 адам;

ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен сотты болғаны – 3 адам, ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен сотты болғаны – 5 адам, оның 2-еуі бас бостандығынан айыру жазасы, 3-еуі бас бостандығынан шектеу жазасы;

Сот қаулысымен ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен 1 іс бойынша тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған;

2022 жылдың статистикалық қорытындысымен алаяқтық қылмысымен 51 іс 52 адамға қатысты сот өндірісінде қаралған.

-Қаулымен тоқталғаны 9 адам , оның 4-еуі тараптардың татуласуымен тоқтатылған;

-Сот үкімімен сотты болғандары – 39 адам, оның 21-і әйел адамы;

Жаза тағайындалуы:айыппұл жазасына – 4, қоғамдық жұмысқа тарту -1, бас бостандығын шектеу жазасы – 16, бас бостандығынан айыруға-15 адам;

Бұрын сотты болғандары — 8 адам,

ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен сотты болғаны — 13 адам (3 адам бұрын сотталған)

ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен сотты болғаны — 23 адам (4 адам бұрын сотталған)

ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігімен сотты болғаны – 4 адам (1 адам бұрын сотталған)

Сонымен қатар, қылмыстық іс жүргізу тәжірибесінде алаяқтық қылмыстық іс бойынша қылмыстық іс-әрекеттерге қатысушыларға белгілі бір сот іс-әрекеттеріне және қылмыстық объектілерге (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы) құқық беретін құжаттарды, мөрлерді, пломбаларды, нысандарды және басқа да құжаттарды жасау арқылы жасалады. Жоғарыда айтылған алаяқтықты ескере отырып, алдау ауызша және жазбаша түрде болуы мүмкін екенін де естеріңізге саламыз.

 Қазақ ағал халық, сенгіш ел. Бірақ, заман сол аңғалдықты сорға айналдырып тұр. Сол үшін «өз өіңе бекем бол, қонысыңды ұры тұтпа» дегендей әркім өз құжаттарына мығым, сеніміне нық болуы керек. Ешқашанда таныс арқылы мәселеміді шешемін деп құжат дайындауға не құжат дайындау үшін қаржы беруге болмайды. Онсыз да сіздің сәл жүгірісіңіз өз құжатыңыздың бітуіне жол ашады. Керек десеңіз қазір есік жағалап жүрмей-ақ, қолыңыздағы ұялы байланыспен бітіре бересіз. Сондай ақ жұмысқа тұрғызамын дегендерге де мүлде сенбеңіз. Сонда тек жүрсеңіз тыныш боласыз.

Зейнулла Алиби Зейнуллаұлы
Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы

Related posts