Республикада судьяларының сьезі әр төрт жыл сайын ұйымдастырылады. Осы сьездердің сот тарихында айшықты орны бар. Сот жұмысына қатысты тағдыр шешті мәселелер көтеріліп, маңызды ұсыныстар назарға ұсынылғандықтан, әр сьезді судьялар асыға күтеді.
Биылғы жылы күзде Қазақстан Республикасы судьяларының IX сьезін өткізу жоспарланған. Алғашқы сьезд Судьялар одағы қоғамдық бірлестігін құрып, ең алғашқы әдеп кодексінің негізін қалауымен ерекше.
1996 жылдан бері үзбей өткізіліп келе жатқан сьездге Мемлекет басшысының арнайы қатысып, сот жұмысын талдауы, судьялар қызметіне серпін беретін ұсыныстарды атап өтіп, алдағы уақытқа нақты бағдар беруі сьездің маңызы мен мәнін, ұжым ішіндегі беделін асқақтата түсті.
Бұл мәртебелі басқосуға алыс және жақын шетелдегі әріптестердің шақырылуы да сьезге айтарлықтай салмақ қосады.
Бұл қосуға келетін қонақтар қаншалықты жауаптылықпен іріктелетін болса, сьезде көтерілетін тақырыпта өте өзекті, ел үшін аса маңызды болуы шарт.
Сьездерде көтерілген мәселелердің жүзеге асқаны, қолданысқа енгізіліп сала жұмысына серпін бергені қуантады.Өткен сьезден бергі уақыт ішінде сот жүйесі қызметіне оң өзгеріс әкеліп, оның қолжетімділігін, ашықтығын, тиімділігін арттыруға ықпал етіп отырған да осы цифрлық жүйе.
Әсіресе сот жүйесінің цифрлық тұрғыда жетілдіре түсу, білікті, білімді, жан-жақты судьялар мен мамандар корпусымен жасақтауды жалғастыру, сот отырыстарының жариялылығын қамтамасыз ету және тағы басқа сот жүйесінің беделін жоғарлату үшін атқарылатын жұмыстар мен мәселелерді ортаға салып талқылап, алдағы стратегиялық міндеттерді айқындай түсу сьездің еншісінде.
Бүгінгі таңда сот процестерінің қажет болған жағдайдаларда қашықтан өтеді. Жалпы бұл салада, жаңалықта, солардың арқасында жетіп отырған жетістікте көп.
Өткен сьезде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сот саласында атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға беріп отыр.
Сот жүйесіндегі әрбір процесс азаматтардың, кәсіпкерлердің, инвесторлардың мүддесі тұрғысынан қаралуына, онда тек заңдылықтың ғана үстемдік құруының маңыздылығына назар аудартты.
Бұл ретте сот жүйесі тәуелсіздігінің шешуші фактор екендігін, өткені, бұл әділ сот төрелігінің, азаматтардың сотқа деген сенімінің басты шарты екендігін мәлімдеді.
Елімізде соңғы кездері қолға алынып жатқан басты жаңалықтардың бірі ол қоғамның қызығушылығын тудырып отырған істер бойынша сот отырыстарының тікелей көрсетілімін ұйымдастыруды атап өту керек.
Мұндай сот отырыстарын халық көріп, өздерінің құқықтық сауатын көтеруге, сот отырыстарының жүргізілу тәртібін, ең қарапайымы сотта азаматтар өздерін қалай ұстау керектігін білуге мүмкіндік алады.
Биылғы ұйымдастырылғалы отырған IX cьезіден де күтеріміз көп, бұл бас қосу соттың дамауына үлес қосарына сенеміз.
Балғабай Жаңабаев
Қызылорда қаласының №2 сотының төрағасы