Құқықтық сана және мәдениет

Ағымдағы жылдың 08 қазан күні Шиелі қоғамдық даму бөлімінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жобасы аясында Г.Н.Ковтунов атындағы №252 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында және №45 Ақ орда мектеп-гимназиясының мәжіліс залында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты, заңгер Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызының қатысуымен «Құқықтық сана және мәдениет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Заңгер Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызы баяндама жасап, болашағы мол жастарымызды қоғамымызда кездесетін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, профилактикалық жұмыстарды насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беріп, білімдерді дағдыландырып, жеке тұлға ретінде қалыптасып, еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой — пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеуге, Егеменді еліміздің жарқын болашағы үшін, өскелең ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз үшін жемқорлық дертімен күресуіміз керектігін айтты.
Шара соңында қатысушы жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Related posts