Жастар ресурстық орталығында семинар өтті

Ағымдағы жылдың 14 қазан күні Сол жағалау, Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында облыстық қоғамдық даму басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында үкіметтік емес ұйымдармен тәжірибе алмасу мақсатында семинар өткізілді.
Семинарды «Шымкент облысының Азаматтық Альянсы» ЗТБ төрағасы Арзыханов Юсуп Арзыханов Рустамұлы жүргізді.
Юсуп Рустамұлы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс байқауына қатысу ережелері жайлы, электрондық сандық кілт (ЭСК) алу жайлы, электрондық сандық кілтті мемлекеттік сатып алу порталына тіркеу, әлеуметтік жобаларға құжаттарды жүктеу, конкурстық құжаттаманың құрылымы, конкурстық құжаттаманың қосымшалары, конкурсқа әлеуметтік жобаны тапсыру және конкурсқа қатысуға байланысты талаптар, ҮЕҰ-ды критерийлеріне қарай бағалау жолдарын үйрету, үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына тіркелу туралы мәселелер бойынша түсіндірді.
Шара соңында қатысушылар өздерінің сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Related posts