Жастармен кездесу өтті

Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 15 қазан күні Сол жағалау, Жастар ресурстық орталығында «Жемқорлықсыз қоғам құру — баршаға міндет» тақырыбында TedX форматында жастармен кездесу өткізілді.

Әділеттілік пен адалдықты ту еткен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты, заңгер Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызы жастарымызды қоғамымызда кездесетін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, профилактикалық жұмыстарды насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып құқықтық мағлұмат беріп, білімдерді дағдыландырып баяндама жасады.

Келесі сөз кезегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің, (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қызылорда облысы бойынша департаментінің жанындағы, мемлекеттік қайраткерлер мен құрметті мемлекеттік қызметкерлер арасынан құрылған спикерлер пулының мүшесі Айтбенбетов Болатбек Серікбайұлы «Саналы ұрпақ ― жарқын болашақ» тақырыбында баяндама жасады. «Әлемді өзгерту үшін алдымен өзің өзгеріс жаса!» -деген ұранды өзінің басты өмірлік ұстанымына айналдырған білімді, жан-жақты жалындап жанып тұрған, ерік-жігері мықты жастар деп білеміз. Еліміздің болашағын дәл осындай ұрпаққа қорықпастан аманаттай аламыз. Бүгінгі жас ертенгі аға буын өкілі дәл қазіргі мезетте оларға қандай бағыт-бағдар берсек, сол бағдармен өз жолын таппақ – деп баяндаманы аяқтады заңгер Болатбек Серікбайұлы.
Бүгінгі ерекше форматтағы кездесуде айтылған ой мен пікірлерді түйіндей келе, ел ертеңі үшін адал еңбек ету және өзгерісті өзіңнен бастау қажеттілігі деген оймен қорытындылады!
Шара соңында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» мақсатында түсірілген бейнероликтер көрсетілді.

Related posts