Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында отандық экономиканың тұрақтылығын және еліміздің дәйекті дамуынқамтамасыз ету жолындағы стратегиялық басымдықтарды айқындап берді. Сондай-ақ бас құжатта заң мен тәртіпті қамтамасыз етуге және саяси жүйенің тиімділігін арттыруға арналған маңызды міндеттер де нақтыланып, белгіленді.

 Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында ел дамуы үшін маңызды 9 стратегиялық бағыт айқындалды. Олардың қатарында ақша-несие және салық саясатыарасындағы үйлесімсіздікті жою, инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту, өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану, инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу, кадрлық әлеуетті арттыру, ұлт денсаулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алу, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту, экологиялық ахуалды жақсарту, мемлекеттікбасқару ісінің тиімділігін арттыру және қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру сияқты маңызды тақырыптар көтерілген.

Әділетті Қазақстанды адал азаматтарқұрады. Бұл – бір-бірімен өте тығыз байланыстыұғымдар. Отанға, отбасына адалдық – парасаттылық пен адамгершіліктің белгісі. Адалеңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістіккежетеді, құрметке ие болады.
 
Ұлы Абай «Адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі» деген. Ал, арлы адамәділетсіздік жасамайды. Әр салада адалдық бастыорында тұрса, әділ қоғам орнайды. Жемқорлыққа жол берілмейді, ел мүддесіне сай шешімқабылданады. Бір сөзбен айтсақ, қоғамдағы ізгіліктің бәрі адалдықтан бастау алады», деді Президент.
 
Оның айтуынша, Әділетті Қазақстан және адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егізқұндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс.

Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбіротандасымыз адал азамат болуға ұмтылуы қажет. Сонымен бірге, жас ұрпақты адал азамат етіптәрбиелеуіміз керек. Ұлттық бірегейлігіміздінығайтып, еліміздің жаңа құндылықтарын орнықтыру үшін жүйелі жұмыс жасалуға тиіс.

 Мемлекет басшысы өз Жолдауындабелгілеп берген басымдықтарды сапалы әрі деркезінде жүзеге асыру әділетті Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына және тәуелсіз еліміздің тұғырын нығайтуға тың серпін береді.

 Қызылорда қалалық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы 

Балғабай Бахыт Бауыржанқызы

Related posts