Ардагерді ардақтаймыз

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырысы негізінде «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран!» әлеуметтік жобасы аясында,«Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі мамандарының  ұйымдастыруымен,  Шиелі аудандық «Арман» мәдениет үінде 2024 жылдың  «25 қазан –Республика күні» ұлттық мерекесіне орай,  «Ардагерді ардақтаймыз»   тақырыбында,  Шиелі аудандық үкіметтік емес ұйымдардың ардагерлердің арасында мәдени шараөткізілді.  

Аталған шараның алғы сөзін алған Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысының орынбасары Ибраев Уалихан Серікұлына және Шиелі ауданы қоғамдық даму бөлімінің жетекші маманы Тәжіков Ермеккеберілді. Сонымен қатар үкметтік емес ұйымдарының төрағалары алғыс хатпен марапатталып, сыйлықтар табысталды. 

     Одан кейін Шиелі аудандық үкметтік емес ұйымдарының төрағаларына сөз берілді.

1. Қалдыбаев Жақсылық Нақыпұлы — «ӨМІР ШАМШЫРАҒЫ» Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюшы ардагерлер бірлестігінің төрағасы 

2. Досмағанбетов Қалижан Қуандықұлы — Шиелі ауданының «Семей ядролық сынақ полигоны ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестігінің ардагерлері» ұйымының төрағасы 

3. Байжанов Ғалымжан  Балтабайұлы — «Тәжік- ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен мүгедектері» бірлестігінің төрағасы 

4. Берімбетов Серікбай Жапбарбергенұлы — «Шиелі аудандық Ауғанстан соғыс ардагерлері мен патриот жастары»  бірлестігінің төрағасы 

5. Сыздықов Қайрат Шымкентұлы — «Қызылорда облысы бойынша Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығыстарды реттеуге қатысқан, ұрыс қимылдарының ардагерлері» бірлестігінің төрағасы 

Ары қарай  концерттік бағдарламамен ұласты.

Related posts