2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұсақ жол-көлік оқиғасына тап болған жүргізушілерге арналған «Еуро хаттама» бағдарламасы іске қосылды. Бұл ұсақ жол-көлік апатына тап болған жүргізушілердің ымыраға келуіне мүмкіндік беретін, жеңілдетілген тәртіппен реттеу–Еуро хаттама рәсімі енгізілген. Жол-көлік оқиғасына қатысушының екеу де өздерінің ұялы телефондарына «Еуро хаттама» қосымшасын немесе сақтандыру ұйымының сайтына жүгінуге тиіс. Тіркеу рәсімінен өтіп, жол-көлік оқиғасының фото материалдарын қоса тіркеу қажет.
Сақтандырушылар автокөліктердің соқтығысу фактісі мен келтірілген залалдың мөлшерін растайтын қосымша материалдарды сұрамайтындай жіберілген фотосурет сапалы болуы тиіс. Жол-көлік оқиғасы орнына полиция қызметкерін шақырмай ақ көлік иелері екеуара келісіп онлайн түрде жол апаты болғаны жайлы хаттама түзей алады. Жүргізушілер темір тұлпарларын сақтандырып, апттан зардап шеккен адам болмаса әрі келтірген шығын 100 АЕК- белгіленген лимит шегінде екендігімен келісуге тиіс. Ең бастысы, апат кезінде адамдар мен үшінші тұлғалардың мүлкіне зиян келмеуге тиіс. «Еуро хаттама» толтырғанда жол көлік апатына кінәлі жүргізуші қателігін мойындауы шарт.
Қаңтар айынан бастап жұмыс істейтін европротокол қосымшасы арқылы хаттама түзу үшін тараптардың бірі қарсы болмауы тиіс және адам шығыны болмауы керек. Жүйенің жұмыс істеуін қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бақылайды. Жол көлік оқиғасы туралы полиция қызметкерін шақырмай хаттама толтырар кезде мынаны естен шығармау керек. Егер сіз еуро хаттамасының қосымшасы арқылы хаттама түзеп кейін талас-тартыс болып, шығынды өндіре алмай қалсаныз полиция қызметкеріне қайта шағымдана алмайсыз.
Н.Камал
Жаңақорған аудандық сотының жетекші маманы