Діни ақпарат алу және таратудың сауаттылығы

⚜️Шиелі қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру қызметі» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 10 қазан күні РАТТ мүшесі, теолог Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлының қатысуымен Шиелі ауданының дін қызметкерлерімен «Діни ақпарат алу және таратудың сауаттылығы» тақырыбында семинар өткізілді.
⚜️Семинарды Шиелі аудандық орталық мешітінің бас имамы Қожанов Рахат Серікбайұлы ашып, сөз кезегін Бақтияр Есенгелдіұлына берді.
⚜️Бақтияр Есенгелдіұлы жат діни ағымдарға қарсы рухани иммунитет қалыптастырудың маңыздылығы, қазіргі таңда халықтың құқықтық және дінтанулық сауаттылығын көтеру арқылы дін атын жамылған деструктивті және экстремистік идеологияға қарсы көзқарас қалыптастыруға баса мән берілуге тиіс екендігін, дін атын жамылған теріс ағымдардың астыртын іс-әрекетін терең бағамдамай, жалаң ақпарат тарату, адамдардың сана-сезімін улайтын идеяларының таралуына әкеп соғатындығын, осы мақсатта олар ақпарат құралдарын, әлеуметтік желілер мен интернет-кеңістікті кеңінен пайдалану арқылы азаматтық көзқарасы жеткілікті қалыптаспаған, діни білімі таяз және әлеуметтік-экономикалық қиындыққа тап болған жастарды ерекше назарда ұстайтындығын айтып өтті.
⚜️Семинар барысында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарына жан-жақты жауаптар алды және сертификаттар берілді.

Related posts