2023 жылдың қаңтар айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті химия және химиялық технология факультеті физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы «Білім берудегі инновациялар» атты халықаралық қысқы мектебін өткізілді.
ҚазҰУ-дағы заманауи жоғары оқу орындарының даярлығы әлемдік білім беру жүйелерімен интеграциялау мақсатында Болон декларациясында белгіленген шараларды енгізуге және практикалық іске асыруға бағытталған. Бірыңғай білім беру кеңістігіне кіру құралы халықаралық стандарттар мен сапа критерийлеріне сәйкес келу, жоғары оқу орны шығаратын мамандардың дипломдары мен сертификаттарын тану (мақұлдау) мақсатында оқу жетістіктерін өзара есепке алудың кредиттік жүйесіне көшу болып табылады. Халықаралық мектептің міндеті тыңдаушыларды кредиттік жүйені білім беру процесіне енгізу тәжірибесімен, міндеттері және перспективасымен, сондай-ақ «Физикалық химия» пәні бойынша базалық дәріс курсын оқу әдістемесін жетілдіру және Кайдзен тұжырымдамасының құралдарын қолдана отырып, университеттік білім беруге заманауи әдістемелерді тарту арқылы білім алушылардың танымдық қызметін жандандыру тәсілдерімен таныстыру болып табылады.

Аталған іс-шараның жауаптылары (жүргізушілері) химия және химиялық технология факультетінің жетекші оқытушылары болып табылады. Олар келесі тақырыптар бойынша баяндамалар ұсынды:
Ташмухамбетова Женета Халиловна, доцент, химия ғылымдарының кандидаты — Болон процесі. Кредиттік оқыту жүйесі. Міндеттері, жағдайы және болашағы;
Тусупбекова Алма Сапаровна, доцент, химия ғылымдарының кандидаты — Физикалық химия пәні бойынша кредиттік оқыту жүйесін іске асыру жағдайында білім беруді даярлауды жандандыру әдістемесі.
Игембаев Идеят Болатұлы, доцент, PhD – Қайдзен тұжырымдамасының құралдарын пайдалана отырып мамандар даярлау бойынша ЖОО қызметін жаңғырту.
Ташмухамбетова Ж.Х. — “2016 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы” атағының иегері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 75 жылдығы мен 80 жылдығына орай төсбелгі және медальмен, 2019 жылы – «Ы. Алтынсарин» жастарды тәрбиелеу ісіне қосқан үлесі үшін төсбелгімен марапатталған. Жоғары оқу орындарын аккредиттеу бойынша 3 сарапшы сертификаты, электрондық оқыту әдістері бойынша халықаралық сертификаты (ELearning), ҚР жоғары оқу орындарында кредиттік оқыту жүйесін енгізу мәселелері бойынша 2 сертификаты, ҚР БҒМ лектор сертификаты және оқу процесін ұйымдастыру және білім беру технологияларын енгізу саласындағы басқа да сертификаттары бар. Химия, мұнайхимия және мұнай-газ ісі бойынша бакалавриат және магистратура мамандықтары бойынша 7 мемлекеттік стандарттың (ҚР МЖМБС) соавторы болып табылады.
Тусупбекова А.С. — Қазақстан Республикасының ЖОО арналған «Физикалық химия» пәні бойынша ЖАОК авторы және әзірлеушісі, жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, оқушылар мен мұғалімдерге арналған қазақ тіліндегі оқу және оқу-әдістемелік құралдардың авторы, республикалық, Менделеев және «Дарын» ғылыми-практикалық мектебінің желісі бойынша халықаралық олимпиадалардың қазылар алқасының мүшесі және жаттықтырушысы.
Игембаев Идеят Болатұлы — ҚР түрлі білім беру орталықтарында мұнай-газ ісі пәндері және кайдзен процестері бойынша бизнес-жаттықтырушы, «МВА» және «МОА» (master organization and administration) іскерлік әкімшілендіру магистрі, сондай-ақ «құқық» бакалавры дәрежесіне ие.
Қысқы мектеп жұмысына Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның жоғары оқу орындарының тыңдаушылары қатысты. Барлығы 118 адам, оның ішінде Ташкент фармацевтикалық институтының 11 оқытушысы, Навои тау-кен металлургия университетінің 4 оқытушысы, И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің 15 өкілі қатысты. Сондай-ақ, Қазақстанның жоғары оқу орындарының ішінде, атап айтқанда: Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Алматы технологиялық университеті, А.Сағынов атындағы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушалары қатысты.
Конференцияға қатысушылар арасында – Ташкент фармацевтикалық институтының профессорлары Шарипов А.Т., Тухтаев Х.Р., Чулпанов К.А., Рахматуллаева М.М., И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің профессорлары, ҚР ҰҒА корреспондент – мүшесі, химия ғылымдарының докторы Сатывалдиев А.С., педагогика ғылымдарының докторы Чоров М.Ж. бар.
Оқытудың кредиттік жүйесі туралы, атап айтқанда оның оң және теріс жақтары, аудиториялық жұмысты жүргізу әдістемелерін түзету, өзіндік жұмысты ұйымдастыру туралы сұрақтар бүгінгі күні де өзекті болып табылады, мұны қатысушылардың қызу талқылауы дәлелдейді. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары білім беруде үш деңгейлі жүйені жүзеге асырған Қазақстанның алғашқы жоғары оқу орындарының қатарында. Университетте European Credit Transfer system (ECTS) кредиттік бірліктер жүйесін қабылдау және енгізу үлкен маңызға ие, ол қайта есепке алу және жинақтау функцияларын қамтамасыз етеді және шетелде оқуды академиялық тануға кепілдік береді (1999 жылы ECTS 1062 еуропалық жоғары оқу орындарында енгізілген).
Қысқы мектеп тыңдаушылары әлемдік білім берудегі ең танымал және перспективалы үрдістердің бірі болып табылатын жаппай ашық онлайн-курстарды (ЖАОК) құруға ерекше қызығушылық танытты. ЖАОК-электрондық оқыту технологияларын қолдана отырып және Интернет арқылы ашық қолжетімді жаппай интерактивті қатысумен оқыту курсы. Университетте электрондық білім беру ресурстарының саны айтарлықтай жеткілікті, ол өзінің ашық онлайн курстарын әзірлеу үшін негіз бола алады.
Кайдзен тұжырымдамасын білім беру процесіне енгізу мамандарды даярлау кезінде ЖОО қызметін жаңғыртудың тиімді тетігі бола алады. Бұл өзін-өзі ұйымдастырудың жоғары деңгейін, корпоративті мәдениетке негізделген басқаруды білдіреді, бұл кәсіпорын белгілейтін, сақтайтын және қалыптастыратын принциптерге үлкен мән береді. Бұл тұжырымдаманы жүзеге асыру қандай нәтижеге әкелу мүмкіндігі тыңдаушылармен онлайн және офлайн форматта өткізілген ойын арқылы айқын көрсетілді.
Қысқы мектеп тыңдаушылары физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының меңгерушісі Е.А. Әубәкіровке, кафедра меңгерушісінің орынбасарлары Г.К. Василина мен Б.С. Бакироваға, сондай-ақ жоғары білімге инновациялық технологияларды енгізу кезінде үлкен маңызы бар өзекті мәселелерді қарастырғаны үшін жаттықтырушыларға (жүргізушілерге) үлкен алғыстарын білдірді.
Қысқы мектеп жұмысы аяқталғаннан кейін қатысушыларға тиісті сертификаттар берілді.
Искакова Р.А.
Наренова С. М.
Василина Г.К.
Бәкірова Б.С.
Химия және химиялық технология факультеті
Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы